Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шілдеде Қазақстанның қай өңірлерінде құрғақшылық болады: Қорытынды болжам жарияланды

Құрғақшылық
Фото: istockphoto.com

"Қазгидромет" мамандары шілде айында Қазақстанның қай өңірлерінде құрғақшылық болуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қорытынды болжамға сәйкес, шілде айында мына өңірлерде орташа деңгейдегі құрғақшылық болады деп болжанады:

  • Абай облысында – Абай, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар және Мақаншы аудандарында;
  • Алматы облысында – Балқаш, Іле және Жамбыл аудандарында;
  • Жетісу облысында – Қаратал, Алакөл және Панфилов аудандарында;
  • Жамбыл облысында – Мойынқұм, Қордай, Рысқұлов, Сарысу және Талас аудандарында;
  • Түркістан облысында – Түркістан қаласы, Арыс, Қазығұрт, Ордабасы және Жетісай аудандарында;
  • Қызылорда облысында – Қызылорда қаласы, Қазалы және Қармақшы аудандарында;
  • Павлодар облысында – Ертіс, Успен, Шарбақты, Май және Баянауыл аудандарында;
  • Қарағанды облысында – Ақтоғай, Қарқаралы және Шет аудандарында;
  • Шығыс Қазақстан облысында – Шемонаиха, Күршім және Тарбағатай аудандарында.

Орташа ылғалды жағдайлар мына өңірлерде болжанады:

  • Солтүстік Қазақстан облысында – Жамбыл және Тимирязев аудандарында;
  • Қостанай облысында – Ұзынкөл, Қарабалық, Бейімбет Майлин, Жітіқара және Қамысты аудандарында;
  • Ақтөбе облысында – Алға, Мәртөк және Қарғалы аудандарында.

Шілде айында Ақтөбе қаласында, сондай-ақ облыстың Ойыл және Хромтау аудандарының жекелеген аумақтарында өте ылғалды ауа райы болады.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, мына облыстарда ылғалдану жағдайы климаттық нормаға жақын болады:

  • Ақмола облысында;
  • Батыс Қазақстан облысында;
  • Атырау облысында;
  • Маңғыстау облысында;
  • Ұлытау облысында.

Еске салсақ, бұған дейін де шілде айында Қазақстанның бірқатар өңірінде құрғақшылық пен аптап ыстық болатыны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Жұма, 03 Шілде, 2026 18:35