"+50 градус": Еліміз бойынша шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды
“Қазгидромет” еліміз бойынша шілде айына арналған консультативтік ауа райы болжамын жариялады. Келер ай Қазақстандағы жылдың ең ыстық ай болады деп болжануда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Синоптиктердің мәліметінше:
- елдің солтүстігі мен шығысында ауаның орташа температурасы +18...+23 градус шамасында болса;
- оңтүстікте +28...+30 градусқа дейін көтеріледі;
Кейін аптап ыстық күшейіп, ауа температурасы көтеріледі:
- солтүстік пен шығыста ауа температурасы +42...+43 градусқа дейін;
- орталық, батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде +47...+48 градусқа дейін;
- оңтүстігінде +50 градусқа дейін жетуі мүмкін.

Аптап ыстыққа қарамастан, шілде айында қысқа мерзімді салқындау кезеңдері де болуы ықтимал. Солтүстік және шығыс облыстарда түнгі уақытта ауа температурасы кей жерлерде +5 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
“Қазақстанның солтүстігінде шілде – жылдың ең жауын-шашынды айы. Жауын-шашын көбіне найзағаймен қатар жүреді. Ал кей жерлерде нөсер жаңбыр түрінде жаууы мүмкін. Жекелеген аудандарда бір тәуліктің ішінде айлық жауын-шашын мөлшері немесе одан да көп түсуі ықтимал.
Найзағайдың ең жоғары белсенділігі елдің солтүстік, шығыс және таулы өңірлерінде күтіледі. Сонымен қатар, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында бұршақ жаууы мүмкін”, – делінген хабарламада.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"