Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ширек ғасыр өтіпті": Есен Елеукен алғаш рет отбасын көрсетті

“Жайдарманның” президенті, продюсер Есен Елеукен алғаш рет көпшілікке отбасын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/eseneleuken_resmi/

Продюсер ел алдында әйеліне алғыс айтты. 

"Күні кеше ғана сияқты еді. Ширек ғасыр өте шығыпты. Осы деңгейде жүргенім отбасымның арқасы. Әрқашан тек қолдау көрсетіп, түсіністік танытты. Сүйікті жұмысыммен айналысуыма кедергі келтірмей, керісінше ақылшы болып, демеу берді. Қос қарлығашымның тәрбиесі осы жанның мойнында. Бар болғаныңа рақмет! Күміс тойымыз құтты болсын", – деп жазды Есен Елеукен. 



Еске салайық, әзіл әлемінің өкілі әйелінің ұлтына қатысты сұраққа жауап берген еді. 

"Ол кісі де өнердің адамы. Киім тігу, жалпы дизайнмен айналысады. Өзінің әлемі бар. Есімі – Евгения. Есімінің де тарихы бар, негізі қазақ. Өз ісі бар, ең бастысы, менің жұмысыма кедергі келтірмейді. Қолдап, өзінің бағасын беріп отырады", – деген еді продюсер. 

Талқылау