AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шыңжаңнан қашып, соғысқа тап болдым": Еркіндік іздеген Қытай қазағы Украинадағы қақтығыстар мен Қытайдағы қыспақ жөнінде айтты

Ерсін Еркінұлы – Қытайдағы Шыңжаң өлкесінің қазағы. Ол жастайынан Қытай жеріндегі "қайта тәрбилеу" лагеріне түсіп қалудан қорқып, қашып Қазақстанға келген. Алайда бұл жерде ұзақ аялдамай, аз уақыттан соң Украинаға өтіп сол жерден баспана сұраған. 2020 жылдан бері украин жерінде тұрып келген Еркінұлы жақында басталған соғыстан соң қайта бас сауғалауға мәжбүр болған. Қазір Нидерланды еліне аман-есен жеткен қандасымыз Stan.kz тілшісіне Қытайдағы шектеулер мен Украинадағы соғыстан қалай аман шыққаны жөнінде айтып берді.

ерсин еркинулы

“Ұйғыр халқы қатты қысым көріп жатыр”

24 ақпанда Ресей әскері Украина жеріне басып кірген уақытта 24 жастағы Ерсін Еркінұлы Киев қаласында болған. Сол күнді үреймен өткізген ол ертесі күні бірден Польшаға қарай қашқан халықпен бірге кеткен. Екі ел арасындағы бір күндік жолды үш күн дегенде әзер өткеріп, Польша еліне жеткен ол әрі қарай таныстарының көмегімен Германия арқылы Нидерландының Роттердам қаласына келген. Қазір сол жерде Украинадағы соғыстан қашып пана іздеген көп жұрттың бірі.

"Бұл қалада арнайы спорт алаңын босқындарға арнап дайындап қойған. Бұл жерде келушілер үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда біз қазір уақытша жатырмыз, кейін барлығымызды арнайы үйлерге орналастырады. Барлығы соғыстан қашып келгендер", - деген ол сөзінің басын қазіргі ахуалды сипаттаудан бастады.

Еркінұлы алғаш Украина жеріне заңсыз өткені үшін сотты болып, айыппұл салынған. Кейіннен ол бұл елден баспана сұраған, бірақ оның өтінішін тойтарып келген. Кейіннен Еркінұлына "пана іздеуші тұлға" деген куәлік беріледі. Бірақ ол басқа елге қашамын деп, бұл куәліктен те айырылып қалады. Біз Ерсіннен алдымен Қытайдағы өмірі мен ондағы мұсылман жұртына салынған шектеулер туралы сұрадық.

"Мен өзім еркіндікті сүйетін адаммын. 2017 жылдан бері Қытайда "үйрену" деген сыныптар пайда бола бастады. Бірақ алғашында халық мұны жете түсінген жоқ, себебі олар онда тентектерді алып барып, тәрбиелеп, тәртіп пен білімді үйрететін жер екен деп ойлады. 2018 жылы түркі тілдес халықтарға, оның ішінде ұйғыр-қазақтарға тексеріс қатаң бола бастады. Бізге жұмыс табу да мұңға айналды. Аз ұлттардың өкілдері өзге қалаларға барып тұра алмайтын болды", - деді Еркінұлы.

Қандасымыздың айтуынша, 2019 жылы Қытайда қазақ халқына деген шектеулер жұмсара бастаған. Ол осы сәтті пайдаланып, атажұртына оралуды ойлаған.

"2018 жылы мен ішкі өлкелерге оқуға кеткен едім. Сол жақта жүріп туған өлкемдегі шектеулерді, аз ұлт өкілдеріне жасалып жатқан озбырлықтарды түсініп, еркіндік орнаған елге кетейін деп шештім. Содан 2019 жылы Қазақстанға барып келуге рұқсат алып, жолға шықтым. Алайда Қытай билігі маған барып келуім үшін 3 ай ғана уақыт берген. Осылайша осы жылдың 24 желтоқсанында Алматыға өттім", - деді ол.



Еркінұлының Қытай елінде ата-анасы мен туған туыстары қалған. Айтуынша, өзінің кесірі оларға тиіп кетпес үшін көп хабарласпай кеткен екен. Сондай-ақ ол Еуропа елдерімен салыстырғанда Қытайдағы халықтың өмірі мүлдем қараңғы екенін айтады.

"Қытай мен өзге елдерді салыстыру мүлдем қиын. Айырмашылық жер мен көктей. Адамдарының саяси өресінің жоғары-төмендігі де бар. Мен туып өскен жерде әлеуметтік желі деген атымен жоқ. Мен оның барлығын Қазақстанға келіп қолдандым", - дейді ол.

ерсин еркинулы 2

Қандасымыз сондай-ақ Қытай жерінде ұйғыр халқының қатты қыспаққа ұшырап жатқанын қосып өтті.

"Әсіресе, ұйғыр халқының жағдайын сипаттаудың өзі ауыр. Өлместің күнін кешіп жүргенмен тең. Мұның барлығын мен 2017 жылдан 2019 жылға дейін өз көзіммен көріп келдім. Оларға заманауи телефондарды да ұстауға болмайды. Себебі сақшылар (жергілікті полиция – Ред.) біздің телефондарымызды тексеріп тұрады. Тыйым салынған бір нәрсе шықса болды не түрмеге тоғытыласың, не лагерьге қамап тастайды. Мен сол жақта жүргенде қонақ үйде жұмыс істегенмін. Сол жерде бір тазалық жұмыстарын жасайтын ұйғыр келіншек бір күні жұмысқа шықпай қалды. Кейін білдік, сөйтсек әйелді "қайта тәрбиелеу" лагеріне алып кеткен екен. Сол жерде оның інісі де жұмыс істейтін еді. Ол да қатты қорқып кетті", - дейді Ерсін Еркінұлы.

2019 жылы өзінің таныстары әсіресе ер адамдар "лагерьлерге" түсіп, жоғалып кеткенін көрген Ерсін Қазақстанға келеді. Мұнда келгеннен кейін ол алғашында осында қаламын деп жоспарлап, тұруға рұқсат қағаз алады. Алайда өзінің айтуынша, Қазақстанда да адам құқығының шектелгенін көріп, оның үстіне қауіпсіздік қызметкерлері тарапынан қысымға ұшырай бастағанын айтады.

"Қазақстан менің атажұртым деп келдім. Осында қаламын деп ойладым. Бірақ Шыңжаңдағы оқиғаларға байланысты маған да жасалған қысым үдейе түсті. Осыдан кейін Қазақстанда да еркіндіктің қатты дамымағанын аңғардым. Мені қайтадан Қытайға аударып жіберу қаупі туындағандықтан өзге елді жағалауға мәжбүр болдым", - деп түсіндіреді Еркінұлы.

Өзінің болашағына алаңдаған Ерсін 2020 жылдың қазанында Украинаға барып, одан ары қарай Польшаға өтуге тырысады. Алайда оны шекарада қолға түсіріп, қайтадан Украинаға жібереді. Ақыр соңында сотты болған ол Украинадан саяси баспана сұрайды. Осы елде баспанаға қол жеткізем деп жүргенде Украинада соғыс басталып кетеді.



"Бомбаның даусынан шошып ояндым"

Еркінұлы Қазақстаннан Украинаға кеткен соң сонда саяси баспана сұрап Киев қаласында 1,5 жыл тұрып келген. Айтуынша, соғыс басталады деген сыбыс бір ай бұрын айтылып келген.

"Алдымен соғыс басталады деп халыққа ескертулер жасалғандай болды. Бірақ олар болжаған күні ешнәрсе болған жоқ. Барлығы тып-тыныш болып жүріп жатты. Алайда 24 ақпан күні соғыс басталып кетті. Барша халық жертөлелерге тығылып, бас сауғалап жүрді. Мен ол уақытта Киев қаласында хостелде жатқанмын. Бомбаның даусынан шошып ояндым. Мен жатқан хостелдегі адамдар да жертөлеге тығылып, мені де жасырын деп қайта-қайта ескертті. Бірақ мен кетемін деп жасырынбай қойдым", - деп баяндады Еркінұлы.

Ол соғыстың алғашқы күнінен-ақ жағдайдың бірден қиындап кеткенін айтады. Қалада әскерилерді жедел дайындық әрекеттері басталған. Алғашқы күндерінде ресейлік әскерилер байқалмаған, бірақ олардың қаладан 15-20 шақырым жерде тұрғаны сезілді, дейді ол. Халық бірден елдің шығысында орналасқан Венгрия, Польша, Румыния мен Словакия секілді елдерге қаша бастаған. Ал қаша алмағандары үйлерінде жасырынуға мәжбүр болған.

"25 ақпанда Киевтің сыртында атыстың тырсылдаған дауыстары естіліп кетті. Сол кезде осы жерде өлетін шығармын деп ойладым. Бірақ мен украин халқының қайсарлығы мен ауызбіршілігіне тәнті болдым. Себебі ел басына күн туған уақытта бірден бұрын әскерде болған 40 пен 50 жас шамасындағы азаматтарға дейін қолына қаруы алып, қорғауға шыққанын көрдім", - дейді ол.

Еркінұлы қаладан шығып шекараға жеткенге дейін түрлі қауіп-қатерлердің арасынан өткенін еске алады. Азамат басына қатер төнген кездермен де бөлісті.

"Ел аумағынан шыққанға дейін әскерилер қатты тексерді. Әсіресе, шетел азаматтарын жіті бақылады. Телефонымызға дейін ақтарып, ішінде Ресейге байланысты бір зат болса бірден қамауға алып жатты. Машинадан қолымызды қайырып түсіреді, мылтықты дәл төбеңе кезегенде өлген жерім осы жер шығар деп ойлайды екенсің. Сол жерде әрбір әскериге жалынып, аман өттік", - дейді қандасымыз.

ерсин еркинулы 3

“Құжатым болмаған соң қайта қамап тастады”

Еркінұлы өзге де азаматтармен бірге такси көлігімен келісіп, Польша шекарасына дейін үш күн жүріп 1 наурызда жетеді. Шетелдіктер үшін бөлек кезекте тұрып күткен ол мұнда да қиындықтарға тап болғанын айтады.

"Украинадан шығып кету үшін кезекте тұрдық. Күн суып кетіп, осы күндері қар жауған еді. Бұл жерде украин азаматтары кезексіз өте береді де, шетелдіктерге күтуге тура келеді. Өзіміз от жағып, жылынып үш күн дегенде бірде бір құжатымның болмағанына қарамастан аман-есен өттім", - деп түсіндірді ол.

Алайда Ерсін Польша жеріне өткеннен кейін құжаттарының жоқ болғанынан оны босқындар лагеріне апаратынын айтқан. Бірақ АҚШ елшігі мен БҰҰ ұйымы көмектесіп, Польша билігі екі айлық жол жүру құжатын жасап берді.

"Орта Азиядан шыққан Финляндия азаматтығын алған бір ұйғыр жігіт болды. Сол екі украин досын келіншегі мен балаларымен бірге алып кетуге келген екен. Көлігіне маған да орын табылғандықтан: "Ерсін, мен сені ала кетейін. Финляндияда босқындық қағазын тез береді" - деді. Содан екеуміз келісіп, жолға шықтық", - дейді ол.



Олар Латвия мен Литваны артқа тастап, Эстонияға жақындаған кезде тағы да тексеру пунктіне тап болған. Еркінұлының айтуынша, ол жердегі әскерилер құжаттары жоқ екенін көріп, өзін сол жерде алып қалады. Босқындар лагерінде екі күн тұрақтаған Ерсін қайтадан жолға шыққанын жеткізді.

"Босқындар лагерінен шығып Рига қаласы арқылы Польшаның Варшава қаласына жеттім. Сонда бір досым Германияның Дюссельдорф қаласына дейін автобусқа билет алып берді. Бір жарым күн жол жүріп, бет алған қалаға жеткеннен кейін, мұнда қалғым келмеді. Сосын осы автобустың Нидерландыға дейін баратынын біліп, осы көлікпен жетіп алдым. Қазір Роттердам қаласындамын", - деді Еркінұлы.

"Қазақстандағы шектеу Қытайды еске салады"

Ерсін Еркінұлы қазіргі уақытта Роттердам қаласында босқындарға арналған уақытша орында жатыр. Осы елден еркіндік пен адамдардың тең құқығын көрдім деген ол алдағы уақытта осы елдің тілін меңгеріп, азаматтығын алсам деген жоспарын да жасырмады.

"Екі жылдан бұрын мен Нидерланды еліне барсам деп ойлағанмын. Бірақ Украина жеріне шыға алмай қалдым. Бұл жерде әсіресе Шыңжаң өлкесінен келген халықтарға жақсы қарайды, босқындықты тез береді. Алдағы уақытты осы жерде жұмыс істеп, тіл меңгеріп, беріп жатса азаматтығын алып, қалған өмірді осында сүруді жоспарлап отырмын", - дейді ол.

Ерсін Еркінұлы Қазақстанға оралу ойы туралы былай дейді. 

"Мен қаңтар оқиғаларын көріп, қатты қорықтым. Сол кезде маған Қазақстанның кейбір шектеулері Қытайды еске салғандай көрінген. Алғаш Қазақстанға келген уақытта да Шыңжаңдағы мұсылмандардың жағдайын батыс елдері келіп, шешуге тырысты. Сол уақытта еркіндіктің осы елдерде екенін түсіндім. Қазір өзге елге кеткеніме өкінбеймін. Ал оралу туралы ойламаймын", - деп түйіндеді Ерсін Еркінұлы.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр