Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Ақалтеке тұқымына қосылған жаңа құлындарға ат қойды

Тоқаев
Фото: Instagram.com/tokayev_online

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев асыл тұқымды Ақалтеке жылқыларын арнайы барып көрді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекет басшысының айтуынша, жуырда екі бие құлындап, Ақалтеке жылқыларының қатары жаңа төлмен толыққан.

бөрте
Фото: Instagram.com/tokayev_online

 

“Бүгін асыл тұқымды арғымақтарды көруге арнайы келдім. Жуырда екі бие құлындап, Ақалтеке жылқыларының қатарына жаңа арғымақтар қосылған. Алдыңғы төлдің атын Ақниет деп қойдым. Ал кейінгі туған құлыншақты Бөрте деп атадым. "Ер жетіліп, бас болар, тай жетіліп, ат болар" деген. Желмен жарысқан жүйрік болсын деп тіледім”, – деді Тоқаевтың жазбасында.
Бөрте
Фото: Instagram.com/tokayev_online

Айта кетейік, Ақалтеке жылқысы әлемдегі ең көне әрі ең бағалы жылқы тұқымдарының бірі саналады.

Еске салайық, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне әр жылдары сыйға тартылған жылқыларды арнайы барып көрген еді. Сол кезде Мемлекет басшысы ақалтеке тұқымының құлындарына Ақжан және Ақниет деген ат қойып, кейде атқораға өзі келіп, жылқыларды қолдан жемдейтінін айтқан еді.

Айым Атамбаева
Жексенбі, 14 Маусым, 2026 20:20