Александр Бублик Австриядағы ATP 250 турнирінің финалында жеңіліп қалды
Қазақстанның ерлер арасындағы 1-ракеткасы Александр Бублик ATP-250 финалында француз Квентин Галиден жеңіліп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлемнің 11-ші және Қазақстанның бірінші ракеткасы титулдық кездесуде әлемнің 83-ракеткасы француз Квентин Галимен кездесті.
Матч екі сетке созылып, 4:6, 6:7 (6:8) есебімен франциялық теннисшінің пайдасына аяқталды.
Ойыншылар кортта 1 сағат 34 минут өткізді.
Осы уақыт ішінде Александр алты эйс жасап, бір рет қос қате жіберіп, бірде-бір брейк-пойнтты пайдалана алмады.
Осылайша, Бублик өткен жылғы Аустрияда өткен турнирдегі титулын қорғай алмады.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар
