Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пәтерінен жазба табылды: Алматыда 40 жастағы әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

Әйел тоғызыншы қабаттан құлады
Фото: depositphotos.com

Алматыда 40 жастағы әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды. Полиция оның тоғызыншы қабаттан құлағанын хабарлап, пәтерден тергеуге маңызды заттар, соның ішінде жазба табылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері 40 жастағы әйелдің қаза болу жағдайын анықтап жатыр. Полицияның алдын ала мәліметінше, әйел өзі тұрған тұрғын үйдің тоғызыншы қабатынан құлап кеткен.

"Тергеу-жедел тобы пәтерді қарау барысында тергеу үшін маңызы бар заттар мен мән-жайларды анықтады. Оның ішінде мазмұны зерттелетін жазба да табылды. Қазіргі уақытта бірқатар тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері болған оқиғаның толық көрінісін қалпына келтіріп, қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін себептерді, марқұмның өмір салтын, араласқан адамдарын және өзге де мән-жайларды зерттеп жатыр", – деді Алматы қаласы полиция департаментінің өкілдері.

 Тексеру нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Гүлсезім Мұхатай
Жексенбі, 26 Шілде, 2026 12:29
Талқылау