Қытай жұртты бәрін істей алатын, әмбебап жаңа роботпен таңғалдырды
Қытайлық Unitree компаниясы жол талғамайтын жаңа As2-W роботын таныстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CGTN порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Қытайдың Unitree компаниясы доңғалақты және жүріп қозғалатын жүйелерді біріктірген жаңа As2-W жол талғамайтын роботын таныстырды. Мұндай құрылым роботқа баспалдақтардан, тастақты соқпақтардан, шағын өзендерден және тік еңістерден еш қиындықсыз өтуге мүмкіндік береді.
Бұл әзірлеме ғылыми зерттеулерге, жүк тасымалдауға және жетуі қиын аймақтарда жұмыс істеуге арналған. Робот жер бедерінің өзгерісіне нақты уақыт режимінде бейімделіп, қажетті жабдықтарды тасымалдай алады.

As2-W роботының аккумуляторы бір қуаттаумен 30 шақырымнан астам жол жүруге жетеді. Бұл оны ұзақ мерзімді далалық жұмыстар мен экспедицияларға қолайлы етеді.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"