"Бұрынғы триллионер": Илон Масктың байлығы күрт азайып, жүздеген миллиард долларынан айырылды

Илон Масктың байлығы акциялары күрт төмендегеннен кейін жүздеген миллиард долларға азайды. Ол өзін желіде енді "бұрынғы триллионер" деп атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Маск өзінің қаржылық жағдайының нашарлағанын X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) жариялаған жазбасында көпшілік алдында мойындады.
Жарияланымда ол өзін әзілмен: "Бұрынғы триллионер", – деп әзілмен жазды.
Қазіргі уақытқа дейін Масктың жазбасы шамамен 25 миллион қаралым жинаған.
Оның байлығы 1,45 триллион доллардан 725 миллиард долларға дейін екі есеге қысқарған.
Еске салсақ, бұған дейін Илон Маск әлемдегі алғашқы триллионер атанған еді.
Талқылау
Оқыңыз