АҚШ-та қазақстандық жұмбақ жағдайда жоғалып кетті: Сыртқы істер министрлігі жағдайға пікір білдірді

АҚШ-та жоғалған қазақстандық Әсет Құралбайға қатысты сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады. Ведомство оның іздестіріліп жатқанын және жағдай бақылауда екенін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та Қазақстан азаматы Әсет Құралбайдың жоғалып кеткенін растады.
"Сыртқы істер министрлігіне Қазақстан азаматы Әсет Құралбайдың Чикаго қаласында жоғалғаны туралы ақпарат белгілі. Қазір. қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың құзырлы органдарымен байланыста болып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Сондай-ақ Нью-Йорктегі Бас консулдығымыз жоғалған азаматтың туыстарымен тығыз байланыс орнатқан. Жағдай сыртқы істер министрлігінің бақылауында", – деп хабарлады ведомство.
Оқыңыз24 жастағы Әсет Құралбайдың жоғалғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Белгілі болғандай, ол Чикаго маңында тұрған. Соңғы рет 2 маусым күні байланысқа шыққан. Ал 7 маусымнан бері оның телефоны өшірулі күйде. Үйінде жеке құжаттары мен банк карталары қалған.
10 маусымда полиция оның Toyota Camry автокөлігін тапқанымен, Әсеттің нақты қайда екені әлі белгісіз. Қазір оны іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін үш британиялық турист Қазақстан даласында жоғалып кеткенін жазған едік. Маңғыстау облысындағы Тұзбайыр шатқалы маңында үш британиялық турист мінген көлік сорға батып, далада қалып қойған. Құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен автокөлікті шығарып, туристерді қауіпсіз жерге жеткізген. Оқиға салдарынан зардап шеккендер болмаған.
Қазақстандық түрмелерде енді сотталғандар отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады