Үш британиялық турист Қазақстан даласында жоғалып кеткен
Британиялық туристер Маңғыстау облысындағы далада көліктерінде қалып қойды. Құтқарушылар оларға көмекке келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
112 пультіне Маңғыстау ауданының Тұзбайыр шатқалы ауданында шетелдік туристер мінген автокөліктің сорға батып қалып, әрі қарай қозғала алмай тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті.
“Оқиға орнына жедел түрде құтқарушылар жіберілді. Көлікте Ұлыбритания азаматтары – екі ересек адам мен 12 жасар бала болған. Жер бедерінің күрделілігі мен топырақтың батпақты болуына байланысты көлікті шығару жұмыстары бір тәуліктен астам уақытқа созылды”, – делінген хабарламада.
Жүргізілген операция нәтижесінде құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен автокөлікті шығарып, оны бағыттың қауіпсіз учаскесіне жеткізді.
Зардап шеккендер жоқ. Туристерге медициналық көмек қажет болған жоқ.
Кинотеатр дәретханасына бармақ болған қазақстандықты билеті болмағаны үшін ішке кіргізбей қойған: Бұл заңды ма?
Заңгер қоғамдық орындардың адам қажеттілігін өтеуіне тыйым салуы заңға қайшы екенін алға тартты
36 миллион теңгеге пәтер алған қазақстандық баспанасына кіре алмай қалды: Бұрынғы иесі ақшаны алаяқтарға беріп қойған
Пәтердің бұрынғы иесі алаяқтарға алданғаннан кейін баспананы босатудан бас тартқан
