Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетісу облысында қоңыр аю туристер тұрған қонақүйге кірмек болған

Жетісу аю есік
Фото: Видеодан скриин

Жетісу облысында аю Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы қонақүйге кірмек болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жыртқыштың видеосы әлеуметтік желіде тарады. Видеодан аю кірмек болған қонақүй есігінің майысып қалғанын көруге болады. Аю болат есікті майыстырып, ішке кіруге әрекеттенген. Абырой болғанда, оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.

Ұлттық парк әкімшілігі бұл оқиға Аттапқан шатқалында болғанын хабарлады.

"Тянь-Шань қоңыр аюы адамға сирек шабуыл жасайтын жануарлар қатарына жатады. Алдын ала деректер бойынша, аю бұл аумаққа тамақтың иісіне байланысты келген. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ", – делінген хабарламада.

Ұлттық парк өкілдері келушілерді тамақ қалдықтарын қалдырмауға және таулы аймақта қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Бұған дейін қар барысы өзімен суретке түскісі келген әйелге шабуыл жасап, бетін жарақаттаған еді. БАҚ мәліметінше, әйел шаңғымен сырғанап жүрген. Қонақүйге қайтып бара жатқан жолда ол қар үстінде жатқан қар барысын байқаған. Билік бұл аймақта жыртқыштың пайда болғаны жөнінде алдын ала ескерту жасаған. Турист оған қарамастан жануарға шамамен үш метр қашықтыққа дейін жақындап, суретке түспек болған.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 20 Мамыр, 2026 10:14