Ер адам 37 жыл бойы бөтен адамның мәйітін әкесінікі деп келген

АҚШ тұрғыны Марк Уэллс 37 жыл бұрын жерленген адамның өзінің әкесі емес екенін кездейсоқ білген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі SWNS порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Марктың айтуынша, оның әкесі Дейл Уэйн Уэллс 1985 жылдың ақпан айында жұмыстан үйіне қайтып келе жатқанда жоғалып кеткен. Сегіз айдан кейін оның денесі жұбайының үйінен шамамен алты шақырым жерден табылған. Мәйітті жабайы жануарлар талап кеткен, ал маңынан үш оқтың гильзасы анықталған.
Сол кезде әлі бала болған Маркқа әкесінің аңшылық кезіндегі жазатайым оқиға салдарынан қаза тапқаны айтылған.
Жылдар өте келе ол әкесінің жоғалуына қатысты мән-жайды зерттеуге кіріседі. 2019 жылы мәйітті қайта қазып алып, сараптама жүргізуге қол жеткізген. Ал 2022 жылы ДНҚ талдауының нәтижесі келіп, күтпеген жайт анықталған. Қабірде жатқан адамның Марктың әкесіне ешқандай қатысы жоқ болып шыққан.
Полиция әзірге қабірден табылған адамның кім екенін анықтай алмады. Осыған байланысты жоғалған адамға қатысты іс қайта қаралып жатыр.
Марк 1985 жылы мәйітті қате таныған сарапшының әрекетіне наразылық білдірді. Оның айтуынша, төрт жыл бойы жүргізілген зерттеулерге қарамастан, әкесінің тағдыры туралы нақты жауап әлі табылмаған.
"Осы жағдай мені қатты қажытты. Мен тек шындықты білгім келеді. Бірақ маған шынымен көмектескісі келетін ешкім жоқ сияқты", – дейді ол.
Еске салайық, бұған дейін Бразилияда 88 жастағы Жураси Роза Алвес дәрігерлер тарапынан қайтыс болды деп танылып, жерлеу рәсіміне дайындалу үшін арнайы бюроға жеткізілген. Алайда жерлеу бюросының қызметкерлері қарияның дем алып жатқанын байқап, дереу алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған. Кейін ол ауруханаға қайта жеткізілді. Оқиғадан соң марқұмның туыстары полицияға шағым түсіріп, дәрігердің әрекетіне қатысты тексеру басталған еді.
Қазақстандық түрмелерде енді сотталғандар отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады