"Саяси тәуекелдерден қорғайтын тетік": Сарапшы Конституциялық Соттың шешіміне қатысты пікір білдірді

Жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін Президент Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына жүгініп, кез келген саяси жүйенің негізгі мәселелерінің бірі – жоғары билік мәселесіне қатысты түсіндірме беруді сұрады.
Конституциялық Сот мынадай түсіндірме берді:
"1995 жылғы Конституцияға сәйкес осы конституциялық нормаларда көрсетілген лауазымдарды атқаратын тұлғалар 2026 жылғы Конституция күшіне енгеннен кейін тиісті лауазымдарға сайлана немесе тағайындала алады. 2026 жылғы Конституция күшіне енгеннен кейін мұндай тұлғалардың тиісті лауазымдарға сайлануы немесе тағайындалуы бірінші рет сайлану немесе тағайындалу болып есептеледі", – делінген хабарламада.
Саясаттанушы Ғазиз Әбішевтың сөзінше, конституциялық Сот судьялары 8 жылдық бір мерзіммен шектелсе де, жаңа Конституция күшіне енген соң тағы бір рет 8 жылға тағайындала алады.
“Сонымен қатар Конституциялық Сот президенттердің өкілетін шектейтін "бір рет жеті жылдық мерзім" ережесі қазіргі Мемлекет басшысына қолданылмайтынын меңзейді. Бұл норма алдағы президент сайлауынан бастап, ол қашан өтетініне қарамастан, барлығына бірдей қолданыла бастайды”, – деді ол.
Сонымен қатар Әбішевтің айтуынша, сайлау кестеге сәйкес үш жылдан кейін, яғни 2029 жылдың қыркүйегінде өтуі тиіс.
“Осыны ескерсек, бұл жүйенің шамадан тыс өзгеруіне жол бермейтін өзіндік саяси тетік деуге болады. Конституциялық Соттың түсіндірмесіне сәйкес, Президент Тоқаевтың сайлауға түсуге құқығы бар. Алайда бұл оның міндетті түрде сайлауға қатысатынын білдірмейді. Дегенмен мұндай мүмкіндік Мемлекет басшысының құзырында қалады”, – деп қосты ол.