Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел төрт жасар ұлының қолын қуырып жеген

32 жастағы әйел мен ұлы
Фото: 7News

Аустралияда 32 жастағы әйел төрт жасар ұлын өлтіріп, кейін оның дене мүшесін тамаққа пайдаланғанын мойындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі News.com.au-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 4 шілде, сенбі күні болған. Әйел полицияға өзі барып, ұлына қатысты қылмыс жасағанын айтқан. Кейін баланың денесі Орталық жағалаудағы Уайонг қаласындағы үйден табылды.

Тергеу деректеріне сүйенсек, баланың денесінде ауыр жарақаттар болған. Оның ішінде қолындағы бұлшық еттің бір бөлігі жоқ екені анықталған. Тергеушілер әйел баласының дене мүшесін жеген болуы мүмкін деп болжап отыр.

Сот әйелден сілекей, қан және тырнақ үлгілерін мәжбүрлі түрде алу туралы шешім шығарды. Бұл сараптама оның каннибализмге қатысты айтқан сөздерін тексеру үшін жүргізіледі.

Әділет департаменті бұл отбасы бұған дейін полицияның назарында болғанын растады. Алайда тәртіп сақшылары соңғы рет олардың үйіне тұрмыс жағдайына қатысты шағым бойынша 18 ай бұрын барған.

Қазір министрдің тапсырмасымен бұл қылмыстың мән-жайын анықтау үшін тәуелсіз тексеріс жүргізілмек.

Балнұр Рахматуллақызы
Сейсенбі, 07 Шілде, 2026 19:50