Ақмолада жолға бөлінген 1,6 миллиард теңгенің жымқырылғаны белгілі болды
Астрахан ауданының прокуратурасы жол жөндеуге бөлінген 1,6 млрд теңге негізсіз пайданылғаны анықтады. Мәліметінше, мемлекеттік сатып алуды жоспарлау кезінде заңнама талаптары бұзылған. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Прокуратураның хабарлауынша, кінәлілер қажетті жобалық-сметалық құжаттамасыз, мемлекеттік сараптаманың қорытындысыз және экономикалық негіздемесіз жоспарлаған.
“Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 1,6 млрд теңге сомасындағы мемлекеттік сатып алу рәсімі тоқтатылды. Бұл негізсіз шығыстарды болдырмауға және бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуының алдын алуға мүмкіндік берді”, – деп жазды прокуратура.

Салдарынан аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді. Осы жағдайдан кейін проокуратура бюджетті және объектіні пайдалануды өз бақылауында ұстайтынын хабарлады.
Еске сала кетейік, Алматыда өсімдік шикізатынан макарон өнімдерін өндіру жобасына бөлінген мемлекеттік қаражат жымқырылған. Тергеу мәліметінше, "Bal halal" ЖШС директоры ғылыми жобаларға берілген 1,15 миллиард теңгенің бір бөлігін жалған келісімшарттар арқылы шығарып, мемлекетке 945 миллион теңге шығын келтірген.
Жамбыл облысында оқушының жүрегі тоқтап, жансақтау бөліміне түсті: Туыстары оның әлімжеттік құрбаны болғанын айтты