Қазақстанда цифрлық активтер индустриясы дамиды: Тоқаев жарлыққа қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасында цифрлық активтер индустриясын ынталандыру және дамыту шаралары” туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құжат цифрлық активтер нарығын дамытуға қажетті құқықтық және экономикалық жағдайларды одан әрі жетілдіруге, инвестиция тартуға және Қазақстанның цифрлық технологиялар саласындағы өңірлік орталық ретіндегі ұстанымын нығайтуға бағытталған.
Жарлықта цифрлық активтер саласын дамытуға арналған бірқатар шаралар көзделген. Атап айтқанда, қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру, инфрақұрылымды дамыту және озық технологияларды енгізу қарастырылған. Сонымен қатар цифрлық қаржы активтерінің айналымын құқықтық реттеу және нарыққа қатысушылардың құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылған.
Еске салсақ, бұған дейін президент Тоқаев "Қазақстан Халық Кеңесіне" қатысты Жарлыққа қол қойған еді. Жарлықта кеңестің қызметін жетілдіруге және жұмысын реттеуге бағытталған өзгерістер қарастырылған.
Оқыңыз