Дастан Сәтпаев 6 минуттың ішінде "Челсидегі" алғашқы голын салды
Дастан Сәтпаев "Челси" сапындағы негізгі құрамда ойнады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
17 жастағы қазақстандық Дастан Сәтпаев "Челси" сапындағы дебютін ашық матчта жасады. Шабуылшы аустралиялық "Вестерн Сидней Уондерерс" командасына қарсы матчында негізгі құрамда ойнайды. Матч Сиднейде өтіп жатыр.
Дастан 36-нөмірлі жейдені киіп, шабуылдың сол қапталында ойнады.
Ол жетінші минутта есеп ашты.
Жас қазақстандық ойыншы "Челсиге" бір айға жетпей қосылып, жаңа командасымен маусым алдындағы турнеге бірден кірісті. Лондондықтар Аустралия мен Азияда бес матч өткізеді.
Сәтпаев өзінің алғашқы ойынында клубтың басқа жас таланттарымен қатар негізгі құрамда орын тапты. Дегенмен команда үшін алғашқы голды соққан ол болды.
Еске салсақ, Дастан Сәтпаев "Челсиде" ойыншы нөмірін алған еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар
