Санжар Әділов Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Санжар Әділов Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Отандасымыз 65 келіге дейінгі салмақта traditional санаты бойынша ел намысын қорғады. Турнир барысында сәтті өнер көрсеткен Санжар жүлдеге таласта жартылай финалға дейін жетті.
Финал жолдамасы сарапқа салынған кездесуде қазақстандық спортшы тәжікстандық Отабек Раджабовпен күш сынасты. Тартысты өткен жекпе-жек нәтижесінде қарсыласы басым түсіп, Санжар ақтық сынға жолдама ала алмады.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық каратэшілер Жоламан Биғабыл мен Софья Берульцева Азиада-2026-да алтын медаль иеленгені хабарланған еді. 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Жоламан Биғабыл финалда Өзбекстан өкілі Хумоюнмирза Халиловты жеңіп, Азиададағы алғашқы медалін еншіледі. Ал Софья Берульцева 68 келіден жоғары салмақта топ жарды. Ол финалда Таиланд спортшысы Маниван Буцуванды жеңді. Бұл Берульцеваның Азия ойындарындағы екінші алтыны.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында қазір 7 медаль бар: 4 алтын және 3 қола.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
