Жаңа CEO, жаңа iPhone, жаңа түс: Apple күзді елеулі өзгерістермен бастады

Apple компаниясы үшін биылғы күз айтулы екі жаңалықтан басталды: корпорация жаңа маусымды жаңа басшымен – 1 қыркүйектен бастап Тим Куктың орнына келген Джон Тернуспен қарсы алды. Сонымен қатар жаңа құрылғылар тізбегі де пайда болды.
iPhone 18 Pro: бургунди реңіндегі күз
Жаңа түсті iPhone әлеуметтік желі қолданушыларының көңілінен шығып үлгерді. Бұл жолы Apple осы күзде сән әлемінде кең тараған қанық бургунди реңкін таңдаған. Енді бұл түс тек гардеробтарда ғана емес, қолданушылардың қолынан да көрінбек. Бургунди түсімен қоса, жаңа топтамада дәстүрлі қара, күміс және ашық көк реңктері де бар.
Алайда жаңа түс – iPhone 18 Pro-ның жалғыз жаңалығы емес. Смартфондағы басты өзгерістердің бірі – 48 МП Fusion негізгі камерасы. Ол айнымалы диафрагмамен жабдықталған. Қарапайым тілмен айтсақ, камера түсірілім жағдайына қарай матрицаға түсетін жарықты өзі реттей алады.
Бұл неге қажет? Мысалы, портрет түсіргенде артқы фонды көбірек бұлдыратуға болады. Ал пейзаж түсірген кезде кадрдағы ұсақ-түйекке дейін анық көрінуіне мүмкіндік бар.
Камера жұмысын өз қалауынша реттегісі келетіндер үшін Pro Controls режимі қосылды. Оның көмегімен диафрагманы, түсіру жылдамдығын және ақ түс балансын қолмен реттеуге болады.
Center Stage алдыңғы камерасы 18 МП болып, кадрды автоматты түрде реттеп, қажет болған жағдайда көбірек адамдарды бір суретке сыйғыза алады.
Dynamic Island жүйесі де жаңарды. Ол бұрынғыдан ықшамдала түскенімен, мүмкіндігі кеңейген. Енді ол экранда бір мезетте үш әрекетті нақты уақыт режимінде көрсете алады.
Экраны 120 Гц -ке дейін ProMotion-ы бар 6,3 дюймдік Super Retina XDR дисплейімен жабдықталған, ал корпусы алюминийден жасалып, Ceramic Shield 2 қорғаныш қабаты оны сызаттарға төзімдірек қылады.
Қуаты артып, күту уақыты қысқарды
iPhone 18 Pro ішінде жаңа A20 Pro процессоры жұмыс істейді. Ол өнімділігі жоғары чип қана емес, сонымен қатар жасанды интеллектке негізделген тапсырмаларды орындауға бейімделген. Смартфонның жалпы өнімділігі артқан, ал жаңартылған салқындату жүйесі жұмыс істеудің жоғары жылдамдығын ұзақ уақыт сақтауға көмектеседі.
Смартфонның қуат қоры да ұлғайды. iPhone 18 Pro бейнені үздіксіз 36 сағатқа дейін ойната алады, ал Pro Max нұсқасында бұл көрсеткіш 43 сағатқа дейін жетеді. Қуаттау жылдамдығы да артқан. 60 Вт қуаттағышты пайдаланғанда, аккумуляторды шамамен 15 минутта 50 пайызға дейін толтыруға болады.

Apple Watch Series 12: Қалауыңызды қалтқысыз түсінетін сағат
Apple Watch Series 12 жаңа Health Sensing System жүйесімен және S11 чипімен жабдықталды. Сағат тәулік бойы әр бес секунд сайын жүрек соғысын өлшейді. Жүрек ырғағының көрсеткіштері де бұрынғыдан жиі бақыланады.
Басты жаңалықтардың бірі – Readiness функциясы. Ол адамның күнделікті белсенділігін, жаттығу кезіндегі жүктемесін, ағза көрсеткіштері мен ұйқы сапасын талдайды. Бұдан кейін 0 мен 10 аралығында баға қойып, күнді қалай өткізу керегіне кеңес береді: демалып, ағзаны қалпына келтіру, қарқынды баяулату немесе керісінше, жаттығу жүктемесін күшейту деген сияқты.
Автономды жұмыс уақыты да жақсарған. Сағат қалыпты жағдайда 24 сағатқа дейін, ал даладағы жаттығу кезінде 10 сағатқа дейін жұмыс істейді. Ал 15 минут қуаттау тағы 12 сағатқа дейін пайдалануға мүмкіндік береді.

AirPods 5: сырттағы шуды басып, дыбыс сапасын жақсартты
AirPods 5 екі нұсқада шығарылады. Оның бірінде сымсыз қуаттау мүмкіндігі бар. Екі нұсқада да шуды басудың белсенді жүйесі жетілдірілген. Оның тиімділігі шамамен 50 пайызға артқан. Құлаққаптар H2 чипімен жұмыс істейді. Жаңартылған акустикалық жүйе дыбысты бұрынғыдан көлемдірек жеткізеді. Ал сыртқы дауысты естуге мүмкіндік беретін мөлдірлік режимі бұрынғыдан да табиғи бола түскен. Яғни айналадағы дыбыстар құлаққа ешбір кедергісіз, табиғи күйінде естіледі.
AirPods 5 негізгі нұсқасы бір қуаттағанда төрт сағатқа дейін жұмыс істейді. Ал сымсыз қуаттау мүмкіндігі бар нұсқаның жұмыс уақыты бес сағатқа дейін жетеді.
Екі модель де IP57 стандарты бойынша қорғалған, сондықтан құлаққаптар ылғал мен суға бұрынғыдан әлдеқайда төзімдірек.
Жаңа құрылғыларды көп күтудің қажеті жоқ
Жаңа құрылғыларға қазірдің өзінде алдын ала тапсырыс беруге болады.
iPhone 18 Pro, Apple Watch Series 12 және AirPods 5 25 қыркүйектен бастап сатылымға шығады. Сатылым басталғалы жатыр, кешігіп қалмаңыз! Алдын ала тапсырыс беріп, қалаған жаңа өніміңізге қол жеткізіңіз.
Жаңа өнімдерді Apple компаниясының Қазақстандағы ресми серіктестері – iSpace, Sulpak, Mechta, Technodom, Evrika, Freedom Электроника, activ, Tele 2 және Beeline дүкендерінен сатып алуға болады.
жарнама құқығында
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты