Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Путинді Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады

президент
Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге тоғызыншы шақырылымдағы Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тоқаев сайлаудың Ресейдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға екенін айтты. Оның айтуынша, сайлау нәтижесі Ресей халқының Владимир Путин жүргізіп отырған, елдің ұзақмерзімді мүддесіне бағытталған саясатын қолдайтынын көрсетті.

“Сайланған Мемлекеттік Дума депутаттары азаматтардың әл-ауқатын арттыру және Ресейдің әлемдік держава ретіндегі әлеуетін нығайту мақсатында тиімді шаралар мен шешімдер қабылдайтынына күмән жоқ”, – делінген құттықтау жеделхатында.

Жеделхатта Қазақстан-Ресей одақтастық қарым-қатынасының маңызды бөлігі ретінде парламентаралық ықпалдастыққа айрықша назар аударылған.

Тоқаев Құрылтай депутаттары мен Ресей парламентарийлері екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастық пен стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту үшін бірлескен жұмысты белсенді жалғастыратынына сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Тоқаев Владимир Путиннің Ресей Федерациясының өркендеуі жолындағы мемлекеттік қызметіне толайым табыс тіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Мәскеуге 20 қыркүйекке қараған түні жаппай дрон шабуылы жасалғаны туралы жазған едік. Шабуылдан Капотнядағы мұнай өңдеу зауыты зақымданып, Мәскеу облысында үш адам қаза тапқан. Ал кемінде 20 тұрғын жараланды. Ресей билігі мәліметінше, шабуыл қалаға жасалған ең ауқымды дрон соққыларының бірі болған

Stan.kz
Дүйсенбі, 21 Қыркүйек, 2026 09:38