"Билет адам санынан көп сатылған": Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастыруға жауапты адам қамауға алынды
Шымкентте 1984 жылы туған ер адам ұсталды. Ол Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастыруға жауапты болған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полиция мәліметінше, Қайрат Нұртастың концертінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.
“Сатылған билеттер саны концерт өтетін орынның белгіленген сыйымдылығынан едәуір асып кеткен. Соның салдарынан адамдар көп жиналып, көрермендерге қатер төнген. Адамдардың көп жиналуы салдарынан 18 жастағы қыз жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Әлеуметтік желіде адам қаза тапқаны туралы тараған ақпарат тарады. Бірақ ол шындыққа сәйкес келмейді. Қаза тапқандар жоқ. Концертті ұйымдастырушы, 1984 жылы туған Л. есімді азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – делінген жауапта.
Қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеу барысы Шымкент қалалық полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Полиция азаматтарды тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырып, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте Қайрат Нұртастың концертінде адамдар бірін-бірі таптап кете жаздап, 18 жастағы қыз жансақтау бөліміне түскенін жазған елік.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
