Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шыңғыс Мәдібек Stan.kz ақпарат агенттігінің бас директоры болды

Stan.kz жаңа бас директоры Шыңғыс Аятұлы Мәдібек болды. Осыған дейін 2021 жылдан бастап Stan.kz ақпарат агентігінде ол даму жөніндегі директоры қызметін атқарған. 

Шыңғыс Мәдібек 15 маусым 1994 жылы дүниеге келген. 2018 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде халықаралық құқық мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

Оның медиа саласындағы тәжірибесі 12 жылдан асады. Осы уақыт ішінде ол медиаменеджмент, стратегиялық коммуникациялар, сондай-ақ мемлекет пен бизнес арасындағы өзара байланысты дамыту бағыттарында тәжірибе жинақтаған.

Шыңғыс Мәдібек кәсіби қызметі барысында Қазақстанда және шетелде өткен бірқатар халықаралық іс-шараларды ұйымдастыруға қатысты. Олардың ішінде Астана экономикалық форум, KADEX қару-жарақ және технологиялар көрмесі, Қазақстан-Түркия, Қазақстан-Біріккен Араб Әмірліктері, Қазақстан-Қытай форумдары, Meta Sport Forum, Qazaqstan Barysy 2023-2026 турнирлері. 

Сонымен қатар

  • Цифрлық экономиканы дамыту орталығы;
  • Qazaq Kuresi қауымдастығы;
  • Nur.kz ақпараттық порталы сияқты құрылымдардағы тәжірибесі бар.

Жаңа қызметінде Шыңғыс Мәдібек Stan.kz-тің стратегиялық дамуына, медиа нарығындағы позициясын нығайтуға және жаңа даму бағыттарын іске асыруға басымдық береді. 

Stan.kz – еліміздегі мемлекеттік тілдегі ең ірі ақпараттық портал.

Портал қазақтілді аудиторияны елдегі және әлемдегі маңызды оқиғалар туралы жедел әрі сенімді ақпаратпен қамтамасыз етіп, Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде маңызды орын алады. Сайт пен әлеуметтік желілер арқылы миллиондаған пайдаланушыға қол жеткізіп, қазақ тіліндегі сапалы ақпараттық контенттің дамуына үлес қосып келеді.

Порталдың басты мақсаттардың бірі – қазақтілді журналистиканы дамытып, қазақ тілді аудиторияны сапалы әрі қолжетімді ақпаратпен қамтамасыз ету және еліміздің ақпараттық кеңістігін дамытуға үлес қосу.

Stan.kz
Дүйсенбі, 12 Қазан, 2026 16:45