Болашаққа деген сенім: Өмірді сақтандыруды қазақстандықтарға қалай түсінікті етуге болады?
Алматыда Қазақстандағы сақтандыру нарығының болашағы мен өзгеру үрдісін талқылауға арналған маңызды кәсіби алаңдардың бірі – Kazakhstan Insurance Forum 2026 өтті. Биыл форум “Жаңа көкжиектер. Нарықты қайта жаңғырту және сенім үшін бәсеке” тақырыбында ұйымдастырылды. Шараға “ЦентрКредит Банкі” АҚ-ның еншілес ұйымдары – BCC Insurance және BCC Life қолдау көрсетті. Форумға реттеуші органның, банк және сақтандыру секторының, бизнестің, логистика саласының, инвесторлар мен халықаралық сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.
Форумда Қазақстандағы сақтандыру нарығының болашағы, өмірді сақтандыру, қаржылық жоспарлау, цифрландыру және клиент сенімін арттыру мәселелері талқыланды. Шарада сақтандырудың жай ғана тәуекелден қорғану құралы емес, адамның ұзақ мерзімді қаржы жоспарының бір бөлігіне айналуы қажет екені айтылды.
Форум аясында заңнаманың өзгеруі, сақтандырудың болашағы, түркі нарықтарының ықпалдастығы, актуарий мамандығы және саланы цифрландыру мәселелеріне арналған панельдік сессиялар өтті.
Өмірді сақтандырудың мәні неде?
Форумдағы маңызды пікірталастардың бірі “Өмір жоспар бойынша жүрмейді: неліктен біз болашағымызды сақтандырудан қорқамыз?” тақырыбына арналды. Сарапшылар өмірді сақтандырудың отбасы үшін неге маңызды екенін талқылады. Сонымен қатар халықтың сақтандыруға деген көзқарасын өзгерту, ұзақ мерзімге қаржы жоспарын құру және сақтандыру өнімдерін адамдарға түсінікті ету мәселелері сөз болды.
Пікірталасты сақтандыру нарығының сарапшысы, Centras Group негізін қалаушы Ельдар Абдразаков жүргізді.
Талқылауға “БЖЗҚ” АҚ басқарма төрағасы Жанат Құрманов, KASE басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов, “BCC Life” ӨСК" АҚ басқарма төрағасы Гүлжан Жақсымбетова, “Банк ЦентрКредит” АҚ вице-президенті Анастасия Овсянникова, “Халық-Life” ӨСК” АҚ басқарма төрағасы Гаухар Бөрібаева және AJR Finance Ltd исламдық финтех-компаниясының негізін қалаушы Мұрат Қылышбай қатысты.
Пікірталас кезінде өмірді сақтандыруға деген дәстүрлі көзқарас мәселесі талқыланды. Сарапшылардың айтуынша, көпшілік сақтандыруды "күтпеген жағдайдан қорғану" деп қабылдайды. Алайда өмірді сақтандырудың мәні бұдан әлдеқайда кең. Ол адамның отбасы, балалары, баспанасы, кәсібі мен болашағына қатысты ұзақ мерзімді жоспарын қорғауға мүмкіндік береді.
“Біз сақтандыруды жаман бірдеңе болып қала ма деп жасамаймыз. Біз жоспар құрамыз: отбасын құрамыз, бала өсіреміз, баспана сатып аламыз, мансабымыз бен бизнесімізді дамытамыз. Алайда белгілі бір сәтте өзімізге: “Бірге құрып жатқан игіліктерімізді жақындарымыз үшін қалай сақтап қаламыз?” деген қарапайым сұрақ қоямыз. Сондықтан сақтандыру - бұл қорқыныш туралы емес. Бұл – бізге қымбат жандардың болашағына деген қамқорлық”, – дед “BCC Life” ӨСК” АҚ Басқарма төрағасы Гүлжан Жақсымбетова.
Оның айтуынша, қаржы сауаты тек ақша табу немесе қаражат жинаумен шектелмеуі керек. Адам қалыптастырған капиталын сақтап, отбасының қаржы тұрақтылығын қорғай білуі де маңызды. Осы тұрғыдан алғанда, сақтандыру жинақ пен инвестиция сияқты құралдармен қатар отбасының ұзақ мерзімді қаржы жоспарының бір бөлігіне айнала алады.
Неге қазақстандықтар өмірін сақтандыруға асықпайды?
Пікірталаста қазақстандықтардың өмірді сақтандыруды неге қаржылық жоспарға жиі қоспайтыны да талқыланды. Сарапшылар бұған бірнеше себеп барын айтты. Бұған адамдардың сақтандыру туралы толық білмеуі, сақтандыру өнімдерінің күрделі болуы және халық арасында сақтандыруды пайдалану әдетінің қалыптаспауы себеп.
Гүлжан Жақсымбетова сақтандыру компаниялары клиенттермен сөйлесу тәсілін де өзгертуі қажет деп санайды.
“Біз сақтандыру тілінің өзін өзгертуіміз керек. Кәсіби канцеляризмдер мен тек тәуекелдерді талқылауды азайтып, нақты өмірлік жағдайлар мен қарапайым түсініктемелерді көбірек қолдануымыз қажет. “Сізге не болуы мүмкін?” деген емес, “Сіз нені және кімді қорғағыңыз келеді?” деген сұрақ алдыңғы орынға шығуы тиіс”, — деді Гүлжан Жақсымбетова.
Оның пікірінше, клиенттің сенімін қалыптастыру үшін ашықтық маңызды. Адам қандай өнім сатып алып жатқанын, оның қандай жағдайда жұмыс істейтінін, қандай шектеулер мен талаптар барын нақты түсінуі керек. Сондықтан сақтандыру компаниялары өнімді толық түсіндірумен қатар, клиентпен қарапайым әрі түсінікті тілде сөйлесуге мән беруі қажет.
Сақтандыру адамның нақты мақсатына жақын болуы керек
Пікірталаста сақтандырудың қазақстандықтардың ұзақ мерзімді қаржылық жоспарындағы орны да талқыланды. Мысалы, адам баласы оқуына ақша жинау, баспана алу, зейнетке дайындалу немесе басқа да ұзақ мерзімді мақсатын жоспарлауы мүмкін. Жинақ осы мақсаттарға қаражат жинауға көмектессе, сақтандыру күтпеген жағдайлар туындаған кезде қосымша қаржылық қорғаныс береді.
Сарапшылардың пікірінше, сақтандыру өнімі адамның өміріндегі нақты қажеттілікпен байланысты болғанда ғана түсініктірек әрі сұранысқа ие болуы мүмкін.
Гүлжан Жақсымбетованың айтуынша, сақтандыру адам белгілі бір қаржылық мақсат қойған кезде ұсынылатын шешімдердің біріне айналуы керек. Бұл – баланың білімін жоспарлау, баспана сатып алу, зейнетақы капиталын қалыптастыру немесе басқа да ұзақ мерзімді қаржылық шешімдер болуы мүмкін.
Осы бағытта сақтандыру компанияларының банктермен, цифрлық және қаржылық емес платформалармен серіктестігі маңызды рөл атқарады. Сақтандыруды банк қосымшалары сияқты адамдар күнделікті қолданатын сервистер арқылы ұсыну оны клиенттерге қолжетімді әрі түсінікті ете түседі.
Жасанды интеллект сақтандыру саласын қалай өзгертеді?
Форумда сақтандыру нарығының цифрлануы да кеңінен талқыланды. Қазіргі клиент банк немесе басқа қаржы қызметтерін пайдаланғанда жылдамдыққа, қарапайымдылыққа және ашықтыққа үйренді. Сондықтан сақтандыру компаниялары да клиентпен жұмыс істеу тәсілдерін осы талаптарға бейімдеуі керек.
Бұл ретте жасанды интеллект технологияларының мүмкіндігіне ерекше назар аударылады.
Гүлжан Жақсымбетованың айтуынша, жасанды интеллект технологиялары клиенттің қажетін талдауға, скоринг пен андеррайтингті жеделдетуге, жеке ұсыныстар әзірлеуге, құжат айналымын автоматтандыруға және сатудан кейінгі қызмет көрсетуді жақсартуға көмектесе алады.
“Жасанды интеллект, өз кезегінде, сақтандыру компанияларында клиенттің қажеттіліктерін талдау, скоринг пен андеррайтингті жеделдету, дербес ұсыныстар қалыптастыру, құжат айналымын автоматтандыру және сатудан кейінгі қызмет көрсетуді оңтайландыру үшін қолданылуы мүмкін. Бұл ретте технологиялар адами сараптаманы ығыстырмайды. Мен болашақты “цифра агентке қарсы” емес, “цифра + сарапшы” форматында көремін. Цифрлық арна клиентке жылдамдық пен дербестік беруге тиіс, ал маман - шешім қабылдау шынымен де жанды диалогты талап ететін тұста сараптама ұсынуы керек. Осылайша, дәстүрлі агент қаржылық кеңесшіге айналады”, – деді Гүлжан Жақсымбетова.
Сақтандыру нарығында клиент үшін бәсеке күшейеді
Форумның тағы бір негізгі тақырыбы – сақтандыру нарығындағы бәсекенің өзгеруі.
BCC Insurance басқарма төрағасы Жан Әбішевтің айтуынша, алдағы жылдары компаниялар арасындағы бәсеке сақтандыру сыйлықақыларының көлемімен ғана өлшенбейді. Клиент сенімі, қызмет көрсету сапасы, технологиялық мүмкіндіктер және нақты қажеттілікке сай өнім ұсына алу қабілеті маңызға ие болады.
“Алдағы жылдары сақтандыру компаниялары арасындағы бәсеке тек қанша полис сатып, қанша сыйлықақы жинағанына байланысты болмайды. Клиенттің сеніміне ие болу, сапалы қызмет көрсету, заманауи технологияларды пайдалану және адамдарға шынымен қажет өнім ұсыну маңызды болады”, – деді Жан Әбішев.
Оның айтуынша, BCC Insurance үшін цифрландыру да негізгі даму бағыттарының бірі саналады. Компания процестерді автоматтандыруға, деректерді тиімді пайдалануға және клиентке ұсынылатын өнімдерді оның қажетіне қарай бейімдеуге көңіл бөледі. Сонымен қатар сақтандыру жағдайларын цифрлық форматта рәсімдеп, клиент үшін бүкіл процесті жеңілдетуді көздейді.
Жасанды интеллект клиенттердің өтінішін тезірек өңдеуге және сақтандыру төлемдерін алу процесін жеделдетуге көмектеседі. Алайда технологияны қолданудың басты мақсаты – компанияның заманауи көрінуі емес, клиентке қызмет көрсетуді жеңілдету болуы керек.
“Клиент қызметтің артында қандай технология тұрғанын ойламауы керек. Ол сақтандыру компаниясының өз қажетін түсінетінін, өтінішіне жедел жауап беретінін және онымен жұмыс істеу процесін барынша ашық әрі түсінікті ұйымдастыратынын сезінуі қажет”, – деді спикер.
Қазақстандық сақтандыру компаниялары шетел нарығына шығуға ниетті
Форумда Қазақстанның өңірлік және халықаралық сақтандыру нарықтарындағы рөлі де сөз болды.
Қытаймен, Орталық Азия елдерімен және Азияның басқа нарықтарымен сауда, логистика және инфрақұрылым байланыстарының кеңеюі сақтандыру саласына да жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Халықаралық сауда көлемі артқан сайын жүктерді, бизнесті, инфрақұрылымды және трансшекаралық қызметке байланысты тәуекелдерді сақтандыру қажеті де өседі.
Жан Әбішев Қазақстанды BCC Insurance үшін негізгі нарық деп атады. Оның сөзінше, бұл компания халықаралық бағыттағы мүмкіндіктерін де кеңейтуді жоспарлап отыр.
“Қазақстан біз үшін негізгі нарық болып қала береді. Халықаралық ағындардың өсуімен бірге жүктерді, бизнесті, инфрақұрылымды және трансшекаралық қызметке байланысты басқа да тәуекелдерді сақтандыру қажеттілігі артып келеді. Сондықтан біз Қазақстаннан тыс жерлерде де біртіндеп өз жұмысымызды және сараптамалық мүмкіндіктерімізді кеңейтуге мүмкіндік бар деп санаймыз. Әсіресе сауда және инвестициялық ағындар өсіп жатқан нарықтарға назар аударамыз. Меніңше, Қазақстан Азия нарықтары мен Орталық Азия арасындағы маңызды сақтандыру көпіріне айнала алады. BCC Insurance осы процестің бір бөлігі болғысы келеді”, – деді ол.
BCC Insurance қандай бағыттарға басымдық беріп отыр?
Қазір BCC Insurance бірнеше бағытта дамуды көздейді. Олардың қатарында Қазақстандағы позициясын нығайту, цифрландыру, клиентпен жұмыс сапасын арттыру және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бар.
2026 жылы компания жаңа сақтандыру түрлеріне лицензия алып, өнім түрлерін кеңейткен. Оның ішінде су және әуе көлігін, олардың иелерінің жауапкершілігін, заңды тұлғалардың қарызын және қаржы ұйымдарының шығынын сақтандыру бағыттары бар. Сонымен қатар халықаралық медициналық сақтандыру мен шетелдік серіктестермен ынтымақтастық та дамып келеді.
“Біздің мақсатымыз – Қазақстанда мықты орны бар әрі халықаралық деңгейде жұмыс істей алатын заманауи сақтандыру компаниясын құру. Біз жергілікті нарықтағы мүмкіндіктерді, банк экожүйесінің әлеуетін және халықаралық тәжірибені бір арнаға тоғыстырғымыз келеді”, – деді Әбішев.
Сақтандыру нарығының келесі қадамы қандай?
Kazakhstan Insurance Forum 2026 аясындағы пікірталастардан сақтандыру саласының біртіндеп жаңа модельге бет алып келе жатқаны байқалады. Енді мәселе тек полис сатумен немесе белгілі бір тәуекелді өтеумен шектелмейді. Сақтандыру адамның қаржы жоспарына, күнделікті өміріне және ұзақ мерзімді мақсаттарына жақын болуы керек.
Панельдік сессияға қатысушылар өмірді сақтандыруды дамыту үшін бір ғана бағытпен шектелу жеткіліксіз деген пікірге келді. Ол үшін халықтың қаржы сауатын арттыру, сақтандыру өнімдерін қарапайым әрі түсінікті ету, ұзақ мерзімді жинақ құралдарын дамыту, технологиялық инфрақұрылымды жетілдіру және клиент пен қаржы ұйымдары арасындағы сенімді күшейту қажет.
Ал саланың өзі цифрлық технологияларды енгізумен қатар, адамға түсінікті тілде сөйлей алатын қызмет көрсету моделіне көшуі тиіс.
Панельдік сессия “Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры” АҚ ұйымдастырған Kazakhstan Insurance Forum 2026 аясында өтті. Шараның титулдық серіктестері – “BCC Life” ӨСК" АҚ және “SINOASIA B&R” СК” АҚ.