Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев президент сайлауына түсуге құқылы – Конституциялық сот

президент
Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Конституциялық сот президенттің сайлауға қатысуына қатысты Конституцияның бірқатар баптары мен тармақтарын ресми түсіндіру туралы өтінішін қарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Соттың мәліметінше, 1995 жылғы Конституцияға сәйкес аталған конституциялық нормаларда көрсетілген лауазымдарды атқарып отырған адамдар яғни президент 2026 жылғы Конституция күшіне енгеннен кейін тиісті лауазымдарға қайта сайлана немесе тағайындала алады.

Конституциялық сот аталған конституциялық нормаларда көзделген шектеулер 2026 жылғы Конституция күшіне енгеннен кейінгі тағайындалуы алғашқы сайлану немесе тағайындалуға мүмкіндік береді.

Демек ол сайлауға бірінші рет түсіп тұрған адам сияқты президент сайлауына қатысуға құқылы.

Еске салайық, 2022 жылы президент қайта сайлау құқығынсыз жеті жылға бір рет қана сайлана алады деп бекітілген еді. Биліктің монополиялануына жол бермеу үшін 7 жылдық президенттік мерзімнің қайта сайлану құқығынсыз бір мәртелігі енгізілген.

Қырмызы Скендір
Сейсенбі, 07 Шілде, 2026 14:17