Серік Ибрагимовтің жары төртінші сәбиін дүниеге әкелді
Танымал әнші Серік Ибрагимов пен жары Айнамкөз Әбдімаева ұлды болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сүйінші жаңалықты әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Ол Stories жариялап, жаңа туған сәбиін құшақтап жатқан келіншегін көрсетті. Сондай-ақ өнер иесі саусақтарымен төрт санын көрсеткен.

Өнер иесінің әріптестері мен оқырмандары оны құттықтап, ақ тілектерін арнап жатыр.
“Көпбалалы әке болғаныңыз құтты болсын, ағам”, Бауы берік болсын”, “Еліне қызмет ететін азамат болсын”, “Досым, құтты болсын”, – деп жазып жатыр олар.
Еске салайық, бұған дейін танымал әнші Серік Ибрагимов төртінші сәбиін күтіп жүргені хабарланған еді.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"