"Біз сені күтеміз": Әнші Серік Ибрагимов төртінші рет әке атанады
Танымал әнші Серік Ибрагимов пен жары Айнамкөз Әбдімаева төртінші сәбиін күтіп жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сүйінші жаңалықты өнер иесінің жары әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Әнші жарымен бірге гендер-пати өткізген. Олар жақында ұлды болады.
“Біз сені күтеміз, балапан”, – деп жазған ол.
Желі қолданушылары ерлі-зайыптыны жарыса құттықтап, әншінің жарына жеңіл босануын тілеп жатыр.
“Аман-есен дүниеге келсін”, “Мен көрген ең сүйкімді гендер пати”, “Кім болса да дені сау болсын”, “Керемет жаңалық”, – деп жазған олар.
Айта кетейік, бұған дейін Серік Ибрагимов әйелі мен өзіне алған қос көлікті көрсеткені хабарланған еді.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"
