Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сhangan үздік футболшыға Еуропада тәжірибеден өту мүмкіндігін сыйлады

Астана моторс
Фото: Freedom QJ League / Дәулет Орынбасар және басқа қатысушылар

Алматыда QJ Awards 2026 салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Astana Motors құрамындағы Changan Kazakhstan ресми дистрибьюторы екінші жыл қатарынан Лиганың премиум-серіктесі ретінде қолдау көрсетіп келеді.

 

Төртінші маусым Freedom QJ League тарихындағы ең ауқымды кезең болды. Чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен 66 команда мен 2 000-ға жуық жас футболшы қатысып, 674 матч өткізді. Лига құрылғалы бері оның 350-ден астам түлегі кәсіби футболға қадам басса, кейбірі бүгінде Қазақстан құрамаларының намысын қорғап жүр.

Астана моторс
Фото: Freedom QJ League / Денис Коломацкий және Дәулет Орынбасар

Салтанатты рәсімнің басты оқиғаларының бірі — "Қайрат" ФК-ның 17 жастағы футболшысы Дәулет Орынбасарды марапаттау болды. Ол бірден екі номинацияда, атап айтқанда Changan MVP of the Season ("Маусымның үздік ойыншысы") және "Үздік сұрмерген" атанды. Марапатты Changan Kazakhstan дистрибуция директоры Денис Коломацкий табыстады. Мәртебелі атақтан бөлек Дәулет Changan Kazakhstan компаниясынан Еуропаның жетекші футбол клубтарының бірінде тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болды.

"Astana Motors көп жылдан бері Қазақстанда спорттың дамуына қолдау көрсетіп келеді. Ал соңғы екі жылда Freedom QJ League-пен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп келеміз. Осы уақыт ішінде көз алдымызда талантты футболшылардың жаңа буыны өсіп шықты. Бүгінде біз Қазақстан футболының болашағының берік іргетасын бірге қалап жатырмыз. Біздің жетістіктеріміз елімізден тыс жерлерде, соның ішінде Еуропада да байқалып жатқанына сенімдімін. Бүгінде біз Қазақстан футболының болашағы үшін берік негізді бірге қалыптастырып жатырмыз. Жетістіктеріміздің ел шекарасынан тыс жерлерде, соның ішінде Еуропада да көзге түсіп отырғанына сенімдімін. Алайда бұл — үлкен жолдың басы ғана. Отандық футболдың болашағы өздеріңе, жас спортшыларға байланысты. Біз сіздердің мүмкіндіктеріңізге сенеміз және өз қабілеттеріңізді дамытуға барлық жағдайдың болғанын қалаймыз", — деді Changan Kazakhstan дистрибуция директоры Денис Коломацкий.
Астана моторс
Фото: Freedom QJ League / Дәулет Орынбасар

Дәулет  Орынбасар Лиганың үздік сұрмергені атағын екінші маусым қатарынан жеңіп алып отыр. Ол екі маусымда 40 гол соғып, U-18 турнирінің нәтижесі бойынша жаңа рекорд орнатты. Бұдан бөлек, футболшы символикалық құрамға кірді. Ал оның командасы маусым аяқталмай жатып, бірде-бір ойында жеңілмей, қатарынан төртінші рет чемпион атанды.

"Бір маусымда бірден екі номинацияда жеңіске жету — мен үшін үлкен мәртебе. Дегенмен бұл — бүкіл команданың жетістігі, сондықтан ең алдымен қолдау көрсеткен әріптестеріме және жаттықтырушыларыма алғыс айтқым келеді. Бұл жеңіс алға қарай дамуыма үлкен серпін береді. Әсіресе Еуропа футбол академиясында тәжірибеден өтіп, жаңа білім алып, шетелдік жаттықтырушылардың әдіс-тәсілдерін үйрену мүмкіндігіне қуаныштымын. Менің басты мақсатым — Еуропада өнер көрсету. Сол арманымды жүзеге асыру үшін бар күшімді саламын", — деді Changan MVP of the Season және "Үздік сұрмерген" марапаттарының иегері Дәулет Орынбасар.
Астана моторс
Фото: Freedom QJ League / Марапаттау QJL-2026

Changan Kazakhstan екінші жыл қатарынан Freedom QJ League лигасының премиум-серіктесі ретінде қолдау көрсетіп келеді. Салтанатты рәсімге келген қонақтарға Changan Kazakhstan спорттық дизайнымен ерекшеленетін UNI-V лифтбегін, сондай-ақ  кең салон, жайлылық мен заманауи технологияларды үйлестірген отбасылық CS75 Plus кроссоверін таныстырды. Бұдан бөлек, іс-шара аясында бренд номинанттарға Changan CS55 Plus, CS75 Plus және UNI-V көліктерімен трансфер ұйымдастырды.

Changan Kazakhstan мен Freedom QJ League арасындағы ынтымақтастық дәстүрлі спорттық демеушілік аясынан әлдеқайда кең. 2025 жылдан бері бренд жас футболшыларды ынталандырып келеді. Атап айтқанда, Changan MVP of the Match және Changan MVP of the Season жеке марапаттары арқылы талантты спортшылардың кәсіби тұрғыда өсуіне қосымша мүмкіндіктер береді.

Астана моторс
Фото: Astana Motors / Astana Motors Manufacturing Kazakhstan Алматы

Айта кетейік, бүгінде Changan қытай брендтері арасында сату көлемі бойынша бірінші орында тұр. 2022 жылғы қыркүйекте Қазақстан нарығына ресми түрде шыққан бренд осы уақыт ішінде қарқынды даму кезеңінен өтіп, сенімділігі, заманауи технологиялары мен айрықша дизайны арқылы тұтынушылардың көңілінен шықты.

Қазір брендтің Қазақстандағы модельдік қатары 9 автокөліктен тұрады. Changan автокөліктерінің өндірісі Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендті зауытында және Алматыдағы коммерциялық техника шығаратын зауытта жолға қойылған. Сонымен қатар брендтің еліміздің 20 қаласында 36 ресми дилерлік орталығы бар.

Назархан Уән
Бейсенбі, 12 Қараша, 2026 18:30