Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аман-есен шаңыраққа оралды": Әнші Нұрлан Албан жұрттан сүйінші сұрады

Нұрлан Албан
Фото: Instagram.com/nurlanalban

Әнші Нұрлан Албан бір жыл бұрын әскери борышын өтеуге аттанған ұлының үйіне оралғанын айтып, қуанышын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында ұлын әскерге шығарып салған сәтін еске алып, бір жылдың қалай тез өткенін байқамай қалғанын жеткізді.

“Сүйінші! Естеріңізде болса, тура бір жыл бұрын ұлымды Отан алдындағы әскери борышын өтеуге аттандырған едім. Мінекей, уақыт деген зымырап, қас пен көздің арасында өтіп жатыр. Бүгін, міне, Аллаға шүкір, аман-есен шаңыраққа оралды. Өте қуаныштымын”, – деп жазды әнші.

Нұрлан Албан әскерде жүрген өзге сарбаздардың да отбасына амандықпен оралуын тіледі.

“Әскерде жүрген әр сарбаздың аман-сау отбасына оралуын шын ниетіммен тілеймін!” – деп жазды өнер иесі.

Еске салайық, бұған дейін марқұм анасын еске алған әнші Нұрлан Албан өкініші барын айтқаны хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 12 Қараша, 2026 16:18