Нұрлан Албан: "Лақап атым үшін көп теперіш көргенім рас"
Қалың көпшілікке “Нұрлан Албан” боп танылған әнші Нұрлан Тәжікенов El.kz ақпарат агенттігінің YouTube-тегі “Базарlike” бағдарламасында сахналық лақап атынан өмірде көп кедергіге тап болғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/nurlanalban
Мен “Албан” деген лақап атты 1996 жылы алдым. Ол “Хабар” радиосының ірге тасы енді қаланған кезі. Радиоға жүргізуші болып жұмысқа шақырылдым. Қазіргі “Ретро FM” “Караван” радиосы еді. Ол радио жұмыс істеген кезде басшылық басқа ұлттың өкілдері еді. Сол басшылық “Москва радиосын тыңдаңдар” дейтін. Сол кезде форматты өзгерту мәселесі шығар деп ойлаймын. Бізге лақап ат қойып үйреніңдер деп тапсырма берді. Мен түк түсінбеймін. Сонда бұл лақап ат менің түсіме үш күн қатарынан кірді. Қазақта аян берді деп жатады ғой. Сөйтіп анам: “Үкә, Құдай бір жақсылық берейін деп жатқан болар. Солай атасаң, атай ғой” деп рұқсат берді. 1996 жылдан бастап мен Нұрлан Албан болдым. Содан бері лақап атым үшін көп теперіш көргенім рас.Үлкен ән додаларда бас жүлде алып тұрған жерімнен ысырып тастады, көптеген концерттерге қатыстырмады. Соның бәріне бой бермей келе жаттым. Қазір ойласам, не деген ақымақ болғанмын? Жас кезімде қазіргідей санам болса, ол лақап атты алтын берсе де алмас едім. Өйткен, әруақты жерден ат үркейді дейді. Бір рулы елдің атын жамылып, оны алып жүру – біреуіге үлкен абырой болса, енді біреуге қорқыныш. “Албан” атын арқалап жүргенім 30 жылға жуықтады, бұл есімге кір келтірген жоқпын деп ойлаймын”, – дейді өнер иесі.
Сондай-ақ ол “Албан” лақап атын алдағы уақытта өзгертесіз бе?” деген сауалға жауап берді.
“Жасыратыны жоқ, осы есімді алған кезде өзімнің туған аға-әпкелерім: “Әкеңінің атын өшірейін деп жүрсің бе?” деп ренжіген. Мен төлқұжатымды ауысытырп тастаған жоқпын, бұл сахналық лақап ат. Бұл есім маған абырой алып келді, көкке көтерді. Бірақ қазір ойласам, бұл есімді арқалап жүру қорқынышыт, әрі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Екі ойлы болып жүрмін, әзірге білмеймін. Уақыт көрсетеді.