Марқұм анасын еске алған әнші Нұрлан Албан өкініші барын айтты
Белгілі қазақстандық әнші Нұрлан Албан орындалмас арманы барын жасырмай айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/nurlanalban
Жол жүргелі тұрған әнші Нұрлан Албан марқұм анасы туралы естеліктермен бөлісті.
“Әуежайға келген сайын есіме шешем түседі. Мен баа жатқан Астананы шешем “Асқана” дейтін. “Үкә, қайда бара жатырсың? Осы сенің Асқанаға баруың жиілеп кетті” дейтін. Бір арманым қалып қалды. Қанша ұшаққа мініп жүрсем де, денсаулығына байланысты шешемді көзі тірісінде ұшаққа отырғыза алмадым. Ішімде қалып қалған көп армандарымның бірі, Нұрлан болып шешемді ұшаққа отырғызып көрмеппін. Үнемі: “Апа, дәрігерлерді алып алайық. Ұшаққа отырып көрсеңізші” дейтінмін. Бірақ анам келіспеді. Аналарыңызды күтіңіздер, ана өмірде біреу ғана, Аналар аман болсын”, – дейді Нұрлан Албан.
Өнер иесінің анасы туралы жантебірентерлік бейнежазбасын көрген оқырман ниеттес екенін білдірді.
“Әр кез анаңды еске аласың. Сендей баласы бар ана бақытты”, “Сөзіңнен де, көзіңнен де мейірім көремін. Үнемі анаң туралы толғана айтасың”, “Пенде болған соң армандар ешқашан бітпейді ғой, ниетіңнен айналдық”, “Ешкімнің дүниесі түгел емес қой, бауырым бәрімізде бір өкініш бар”, – деп жазды желі қолданушылары.