IMEI тексеру қызметі енді Freedom SuperApp-та қолжетімді

Абоненттік құрылғыларды верификациялау жүйесі мен "Freedom Mobile" ЖШС ("Freedom SuperApp"-тағы "Электроника" сервисі) цифрлық сервистерді дамыту және мобильді құрылғыларды сатып алушылардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында стратегиялық серіктестік орнатты.
Ынтымақтастықтың алғашқы нәтижесі ретінде Freedom SuperApp қосымшасының "Электроника" бөлімінде IMEI тексеру қызметі іске қосылды. Енді пайдаланушылар смартфонның мәртебесі туралы өзекті ақпаратты оны сатып алмай тұрып-ақ бірнеше секунд ішінде ала алады.
Тексеру үшін құрылғының IMEI кодын енгізу жеткілікті. Оң нәтиже – "Мәртебе расталды" статусы. Бұл құрылғының белгіленген верификация рәсімінен өткенін, Қазақстанның ұялы байланыс желілерінде ешқандай шектеусіз пайдалануға болатынын және сатуға рұқсат етілгенін көрсетеді.
Freedom SuperApp қосымшасындағы сервис қолданыстағы мемлекеттік тексеру құралдарын толықтыратын қосымша тексеру арнасына айналды. Интеграция сатып алушылар үшін маңызды ақпаратты күнделікті қолданылатын цифрлық ортада қолжетімді етіп, құрылғыны сатып алар алдында тексеру процесін жеңілдетеді.
Стратегиялық серіктестік, ең алдымен, пайдаланушылардың мүддесіне бағытталған: олардың ақпараттану деңгейін арттыру, верификациядан өтпеген смартфондарды сатып алу тәуекелін азайту және мобильді құрылғылар нарығын қауіпсіз әрі ашық ету.
Freedom SuperApp қосымшасында IMEI тексеру қызметінің іске қосылуы стратегиялық серіктестік аясындағы алғашқы бірлескен жоба болды. Алдағы уақытта тараптар құрылғыларды тексеру және тіркеу процесін пайдаланушылар үшін одан әрі ыңғайлы етуге бағытталған цифрлық сервистерді дамыта отырып, ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр.
"Бір бие, бір жабағыдан бастадық": 40 жылдан бері жылқы баптап жүрген отбасы қымызмұрындықтың мәнін түсіндірді