Түркістан облысында әйелді зорлады деген күдікке ілінген депутат ұсталды

Түркістан облысында резонанс тудырған іске қатысты күдікті ұсталды. Полиция мәліметінше, Шымкент тұрғыны зорлау дерегі бойынша қамауға алынған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті шаралар жүргізіліп жатыр.
“Тергеу нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шешім қабылданады”, – деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаменті.
Тергеу мүддесіне байланысты департамент өзге ақпаратты жария етпейтінін мәлімдеді.
ОқыңызHALYQSTAN Telegram арнасының мәліметінше, бұл бұған дейін жол ережесін бұзып көзге түскен мәслихат депутаты Ерғали Аманбаев.
Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте жол ережесін өрескел бұзғаны үшін аты аталған Түркістан облысы мәслихатының депутаты Ерғали Аманбаевтың үстінен әйелдің арыз жазғаны туралы хабарлаған едік. 34 жастағы әйел іссапар кезінде депутат Lexus көлігіне отырғызып, адам аз жүретін жерге апарғанын, кейін зорлағанын айтып шағымданды.
"Бір бие, бір жабағыдан бастадық": 40 жылдан бері жылқы баптап жүрген отбасы қымызмұрындықтың мәнін түсіндірді