Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да алтынды заңсыз өндірген Қытай азаматтарынан арнайы техника тәркіленді

Заңсыз алтын өндіру
Фото: ҚМА

Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданында 30-дан астам адам рұқсатсыз кен өндіріп, қоршаған ортаға елеулі зиян келтірген. Топтың құрамында оның ішінде Қытай азаматтары болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, топ Марқакөл ауданындағы Ақбұлақ ауылы маңында заңсыз алтын өндірген. Олар күдіктілер құрамында алтыны бар кенді ешқандай рұқсат құжаттарынсыз өндіріп, өңдеумен айналысқан.

“Тергеу барысында олардың әрекетінен қоршаған ортаға елеулі зиян келгені анықталған. Атап айтқанда, топырақтың құнарлы қабаты бүлініп, жер бедерінің табиғи құрылымы бұзылған. Сондай-ақ өзен арнасы өзгертілген. Заңсыз жұмыстар жалпы аумағы 30 гектар жер телімінде ауыр арнайы техника мен өндірістік кешендерді пайдалану арқылы жүргізілген”, – делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, заңсыз қызметке 30-дан астам адам тартылған. Олардың арасында Қытай Халық Республикасының азаматтары да бар.

“Тінту кезінде алты 40 тонналық жүк көлігі, төрт шынжыр табанды экскаватор, бір тиегіш, сондай-ақ құрамында алтыны бар кенді өндіруге және жууға арналған екі өндірістік кешен тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр”, – делінген хабарламада. 

Гүлсезім Мұхатай
Сейсенбі, 28 Шілде, 2026 10:33
Талқылау