Павлодарда сәбиімен келе жатқан әйелдің басына жоғары қабаттан мұз лақтырған: Кінәлі әлі анықталмай жатыр

Павлодарда сәбиін арбамен серуендетіп жүрген әйелдің басына көпқабатты үйден мұз кесегі құлады. Бейнебақылау камералары оқиғаны түсіріп алғанымен, кінәлі адам әлі анықталған жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Kerek.pv Telegram арнасының мәліметінше, оқиға Назарбаев даңғылындағы көпқабатты тұрғын үйдің маңында болған. Әйел қоларбамен келе жатқан, арба ішінде сәби болған.
Мәліметке сәйкес, оқиға 8 шілдеде болған. Бейнебақылау камералары мұздың құлау сәтін түсіріп алғанымен, осы уақытқа дейін кінәлі адам жауапқа тартылмаған. Зардап шеккен әйелдің туыстары мұзды кім лақтырғанын өздері іздеуге мәжбүр екенін айтады. Жарияланған суреттен әйелдің басына тігіс салынғаны көрінеді.
Павлодар облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру бабымен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
ОқыңызВедомство мәліметінше, полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеп, оқиға куәгерлерінен жауап алған.
"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Осы іске қатысы бар адамды анықтап, оны жауапкершілікке тарту үшін жан-жақты шаралар қабылдануда", – деп мәлімдеді полиция.
Сондай-ақ полиция бұл істің облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтті.
"Бір бие, бір жабағыдан бастадық": 40 жылдан бері жылқы баптап жүрген отбасы қымызмұрындықтың мәнін түсіндірді