Алматыда өтіп бара жатқан адамдарға тас лақтырған әйел ұсталды
Алматыда көшеде адамдарға тас лақтырып жүрген әйелге қатысты видео әлеуметтік желіде тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Threads қолданушысы makpal.yessenamanova жариялаған кадрда ер адам мен әйелдің көшеде жанжалдасып тұрғаны көрінеді. Жазба астындағы пікірлерде алматылықтар осы әйел бейнеленген басқа видеоларды да бөліскен.
Қала тұрғындарының айтуынша, әйел көшеде кетіп бара жатқан адамдарға тас лақтырып, кей жағдайда олардың басын көздеген.
Желіде тараған видеоға Алматы қалалық полиция департаменті пікір білдірді.
Полиция мәліметінше, әлеуметтік желілерді бақылау барысында өтіп бара жатқан адамдарға қатысты өзін оғаш ұстаған әйел бейнеленген видео анықталған. Оқиға бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасында материал тіркелді.
“Сол күні сағат 17:44-те Розыбакиев көшесінде белгісіз әйелдің өтіп бара жатқан көліктерге тас лақтырып жүргені туралы хабарлама түсті”, – деп мәлімдеді полиция.
Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері 1999 жылы туған әйелді ұстап, аудандық полиция басқармасына жеткізді.
Еске салайық, бұған дейін Павлодарда сәбиін арбамен серуендетіп жүрген әйелдің басына көпқабатты үйден мұз кесегі құлағаны хабарланған еді. Мәліметке сәйкес, оқиға 8 шілдеде болған. Бейнебақылау камералары мұздың құлау сәтін түсіріп алғанымен, осы уақытқа дейін кінәлі адам жауапқа тартылмаған. Зардап шеккен әйелдің туыстары мұзды кім лақтырғанын өздері іздеуге мәжбүр екенін айтады. Жарияланған суреттен әйелдің басына тігіс салынғаны көрінеді.
Павлодар облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру бабымен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"1 миллион 200 мың теңге сұрады”: Қазақстандық мұғалімдер мектепке жұмысқа тұру ақша сұрайтынын айтып наразы болды
