S&P Қазақстандық "Евразия" СК рейтингін BBB+ деңгейіне дейін көтерді
2026 жылғы 11 қыркүйек, Алматы қ. – S&P Global Ratings агенттігі “Евразия” сақтандыру компаниясының ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін BBB+ деңгейіне дейін көтерді, болжам – “Тұрақты”. Агенттіктің сарапшылары операциялық көрсеткіштердің жақсарғанын, өтімділік қорының жоғарылағанын және қалыпты инвестициялық стратегияны, сондай-ақ меншікті капитал кірісінің айтарлықтай өскенін атап өтті.
“Евразия” сақтандыру компаниясы тарихта тек сақтандырушылар арасында ғана емес, сонымен қатар S&P-дан BBB+ рейтингін алған бүкіл қаржы секторында алғашқы жеке отандық компания болды. “Евразия” СК ТМД елдеріндегі сақтандыру компаниялары арасында S&P межелі бойынша ең жоғары рейтингті сақтайды және Қазақстан Республикасының егеменді рейтингінен бір саты жоғары. S&P агенттігі компанияның ұлттық рейтингін kzAAA деңгейінде растады.
"Рейтингтің BBB+ деңгейіне көтерілуі – “Евразия” бизнесінің қаржылық тұрақтылығы мен сапасының жоғары бағаланғанын көрсетеді. Компанияның Қазақстанның егеменді рейтингінен жоғары көрсеткішін сақтауы және S&P рейтингіне ие болған отандық қаржы секторындағы алғашқы жеке компания болуы да маңызды. Бұл – капиталды нығайту, сақтандыру портфелінің тиімділігін, әртараптандырылуы мен сапасын арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі.
Біз үшін жаңа рейтинг – қол жеткізген нәтижелеріміздің мойындалуы ғана емес, Қазақстанда және халықаралық нарықтарда бизнесті одан әрі дамытуға мүмкіндік беретін маңызды негіз", – деді “Евразия” СК басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев рейтинг агенттігінің шешіміне қатысты.
S&P агенттігі сондай-ақ “Евразия” СК-ның қазіргі қаржылық нәтижелері портфельді оңтайландыруға және сақтандырудың тиімді түрлеріне, соның ішінде халықаралық қайта сақтандыруға көшуге бағытталған көпжылдық стратегиялық жұмыстың нәтижесі екенін атап өтті.
Капитал мен кірістің жоғары көрсеткіштері, сондай-ақ өтімділіктің жеткілікті болуы инвестициялық құралдардың сапасының жоғары екенін көрсетеді.
"Евразия" СК Қазақстанның жалпы сақтандыру нарығындағы көшбасшылық позициясын сақтап, бәсекелестік артықшылықтарын нығайта береді. Біз компания бизнесті әртараптандыруды және халықаралық қайта сақтандырудан түсетін кірістің үлесін арттыруды жалғастырады, капитал мен кірістіліктің жоғары көрсеткіштерін, сондай-ақ өтімділіктің жеткілікті деңгейін сақтайды деп болжап отырмыз. Бұл компанияға біздің шартты стресс-тестімізден өтуге мүмкіндік береді", – деп болжайды S&P агенттігінің сарапшылары.
Агенттік “Евразия” СК – мен бірге оның еншілес “Еуразия” ӨСК рейтингін ВВВ дейін көтерді, болжам – “Тұрақты”. S&P өмірді сақтандыру сегментінің бүкіл сақтандыру тобының, атап айтқанда, “Евразия” ӨСК жасасатын зейнетақы аннуитеттерінің кірісі мен таза пайдасына өсіп келе жатқан үлесін атап өтті.
ҚР Ұлттық Банкінің өзекті деректері бойынша, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында “Евразия” СК негізгі қаржылық көрсеткіштер бойынша сақтандыру нарығында көшбасшылық позициясын сақтайды. Мәселен, оның үлесіне жалпы сақтандыру компаниялары арасындағы активтердің 41% немесе 716 млрд теңгеден астамы тиесілі. Алты айда компания 130 млрд теңгеден астам сыйлықақы жинады және 32,8 млрд теңге төлем жүзеге асырылды. Салықтан кейінгі таза пайда 39,1 млрд теңгені құрады. “Евразия” СК бірінші жартыжылдықта бейрезиденттерден 52,8 млрд теңге сыйлықақы немесе нарықта 54,2% жинап, Қазақстанның қаржы қызметтерін ірі экспорттаушылардың бірі және халықаралық қайта сақтандыру саласындағы көшбасшы болып қала береді. Реттеуші капитал 356 млрд теңгеден немесе 45,9%-дан асты.
Қазақстандық дәрігерлер Республика күніне сыйақы берілмегеніне жаппай наразы болды: Сыйақыны кімдер алады