Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Басын батареяға соққан": Қазақстандық ана тергеу изоляторы қызметкерінің жасөспірім ұлын соққыға жыққанын айтты

тергеу иззоляторы ұрып соғу
Фото: Желі кадрларынан

Талдықорғанда кәмелетке толмаған баланың анасы №71 уақытша ұстау иззоляторы қызметкерлерін ұлын ұрды деп айыптады. Оның айтуынша, жасөспірім ауыр қалде болған, ал жедел жәрдемді оған кіргізбеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Анасы уақытша ұстау иззоляторы сыртынан видеоүндеу жазды.  Ол ұлын ұрғанын 20 шілдеде Алматыдан Талдықорғанға карантинге ауыстырып жатқан кезде білген. 

“Мен видеоүндеу жасағалы төрт сағат өтті. Жедел-жәрдем екі рет келіп кетті. Екеуінде де кіргізбеді. Полицияны шақырдым, олар кіріп кетті. Мені кіргізбей қойды. Менің баламды кеше Алматыдан Талдықорғандағы №71 уақытша ұстау изоляторына карантинге жеткізген. Сол кезде барлығын ұрып-соққан. Олардың ата-аналары ешқайсысы келмеді. Алайда мен ұлымды ауыстырып жатқанын біле сала артынан келдім. Сондай көрініске тап болдым. Ұлымды ұрып тастаған”, – деді ол.

Анасы қазақстандықтар мен құзырлы органдардан көмек сұрады. 

“Қызметкерлердің үлкен-кіші, қариясына қарамай басқаларды да камераға жеткізбей ұрып тастады дегенін естідім. Тепкілеген, басынан ұрып, батереяға ұрған. Басы көкпеңбек, ісіп кеткен. Қазақ халқым, прокуратура мен барлық жауапты органдар сіздерден көмек сұраймын. Менің қолым қысқа. Бейкүнә балалар онсыз да осы жақта отыр. Әрқайсысы ұра берсе неміз қалады? Онсыз да жүрегіміз қақ айырылып, түрменің есігін тоздырып жүрміз”, – деп қорытты әйел. 

Оқиға орнына Жетісу облысы прокуратурасының қызметкерлері мен полицияның жедел-тергеу тобы барған. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бірден қызметтік тексеру бастаған.

"Жаппай бейнебақылау жүйесінің жазбаларын зерттеу барысында мекеме қызметкерлерінің дене күшін қолданғаны туралы мәліметтер өз растауын таппады", – деп хабарлады ведомство.

ҚАЖ комитеті камералар тәулік бойы жұмыс істейтінін, ал нақты уақыттағы көрсетілімді комитет пен прокуратура алатынын қосты.

Оқиға орнына Жетісу облысы прокуратурасының қызметкерлері мен полицияның жедел-тергеу тобы барған. Тексеру қорытындысы әзірге жарияланған жоқ.

Гүлсезім Мұхатай
Бейсенбі, 23 Шілде, 2026 12:06
Талқылау