"Сізді тыңдасақ, өзіңізден басқаның бәрі кінәлі": Премьер-министр Алматы облысының әкімін сынап тастады

Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті коммуналдық инфрақұрылым жобаларының кешігуіне байланысты сынға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы облысы жөндеу жұмыстарына түскен өтінімдер саны бойынша "қызыл" аймаққа енген. Премьер-министрдің сұрағына жауап берген облыс әкімі кейбір жобалар қазірдің өзінде іске асырылып жатқанын, ал тағы екі жоба бойынша прокуратураның араласуынан кейін қайта конкурс өткізуге тура келгенін айтты. Сонымен қатар Қаржы министрлігі бұл жобаларды басым емес бағыттар тізіміне енгізіп, қаржыландыруды тоқтатқан.
Баяндамадан кейін Бектенов әкімнің түсіндірмесінен жауапкершілік әкімнің өзінен басқа барлығына жүктеліп тұрғандай әсер қалыптасатынын айтты.
"Сізді тыңдасақ, өзіңізден басқаның бәрі кінәлі. Жеделдетіңіз", – деді премьер-министр.
ОқыңызҰлттық экономика министрлігінің мәліметінше, Алматы облысынан бөлек, ұлттық жобаларды жүзеге асыру бойынша "қызыл" аймаққа Шымкент қаласы мен Ұлытау облысы да кірген.
"Бір бие, бір жабағыдан бастадық": 40 жылдан бері жылқы баптап жүрген отбасы қымызмұрындықтың мәнін түсіндірді