Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Премьер-министр ақылды есептегіштер орнатуды жеделдетуді тапсырды

Бектенов
Фото: prime-minister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Smart Turmys бірыңғай цифрлық платформасын енгізу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов энергетика және коммуналдық секторларға цифрлық құралдар енгізудің маңызын атап өтті.

"Энергетика және коммуналдық секторлардағы цифрлық құралдар барлық бизнес-үдерістердің ашықтығын қамтамасыз етіп, тиімділігін арттырады. Өнеркәсіп және энергетика министрліктері Smart Turmys бірыңғай цифрлық платформасын енгізу жұмыстарын жеделдетсін",— деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ 1 қыркүйекке дейін тұтынушылар топтары бойынша сараланған коммуналдық ресурстарды есепке алу құралдары мен бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған бірыңғай стандарттарды қабылдау міндеті қойылды.

Қырмызы Скендір
Сейсенбі, 28 Шілде, 2026 12:50
Талқылау