Суреттегі түнелді шын деп ойлаған жүргізуші қабырғаға соғылды
Мексиканың Монтеррей қаласында көлік жүргізіп келе жатқан әйел қабырғаға салынған түнел суретін шын жол деп қабылдап, тура соған қарай жүріп кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Calypso Radio-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға әлеуметтік желіде тез тарап, көпшіліктің назарын аударды. Себебі болған жағдай әйгілі Looney Tunes мультфильміндегі көріністі айнытпай қайталаған.
Қабырғаға Вилли Койоттың түнел салып жатқан сәті бейнеленген. Мультфильмде ол Роуд Раннерді алдау үшін жартастың бетіне жалған жол салып қояды.
Алыстан қарағанда граффити шынайы түнел сияқты көрінген. Жүргізуші жол әрі қарай жалғасады деп ойлап, жылдамдығын бәсеңдетпестен тура қабырғаға соғылған.
Соққыдан көлік қатты зақымданған. Ал апат болған жерден түсірілген суреттер желіге тарап, көп ұзамай қызу талқыға түсті.
Осылайша мультфильмге әзіл ретінде салынған сурет шынайы жол апатына себеп болды.
Қазақстандық дәрігерлер Республика күніне сыйақы берілмегеніне жаппай наразы болды: Сыйақыны кімдер алады
Сонымен қатар қолданушылар медицина қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігін көтерген
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн
