Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таиландта 11 жастағы бала көлікпен тоғыз будда монахын қағып өлтірді

қағылған монахтар
Фото: The New York Times

Таиландта 11 жастағы бала әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кетіп, жол апатына себеп болды. Салдарынан тоғыз будда монахы көз жұмып, тағы 18 адам жансақтау бөліміне түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The New York Times порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға 2 шілде күні түске таман Мукдахан провинциясында болған. 34 будда монахы монастырьларды аралап, жаяу қажылық жасап жүрген. Олар На Си Нуан ауылы маңындағы ғибадатханада түскі ас ішіп, жолдарын жалғастырған кезде, жоғары жылдамдықпен келе жатқан пикап бір топ монахты қағып кеткен.

Апат салдарынан бес монах оқиға орнында көз жұмды. Тағы үшеуі ауруханада қайтыс болды, ал тоғызыншы монах сол күні кешке жан тапсырды. Қазір 18 монах жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Тергеу мәліметінше, 11 жастағы бала әкесінің көлігінің кілтін ата-анасының рұқсатынсыз алып, көлікпен серуендеуге шыққан. Полицияның айтуынша, бала ерекше күтімді қажет етеді. Қазір ол жауап алу үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Еске саалйық, бұған дейін 2024 жылдың қараша айында Қытайдың Чжухай қаласында 62 жастағы ер адам жол талғамайтын көлікпен жаттығу жасап жүрген адамдарды қағып кеткен еді. Салдарынан 35 адам қаза тауып, 43 адам жараланған. Тергеу мәліметінше, күдіктінің ажырасу кезіндегі мүлік бөлінісіне көңілі толмаған.

Айым Атамбаева
Сенбі, 04 Шілде, 2026 18:13