Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бар жақсыға лайықсың": Актер Шерхан Пірназар келіншегіне су жаңа көлік мінгізді

Шерхан Пірназар жұбайына көлік сыйлады
Фото: instagram.com/aijan_jumabek

Танымал актер Шерхан Пірназар жары Айжан Жұмабекке су жаңа темір тұлпар сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

“Жаным, осы уақытқа дейін мені қолдап, жанымнан табылғаныңа рақмет. Сен барлық жақсыға лайықсың. Көлігің құтты болсын”, – деді актер келіншегіне.

Кадрлардан актер жарына Hyundai Santa Fe көлігін сыйлағанын байқауға болады.

Желі қолданушылары мен актердің өнердегі әріптестері жарыса құттықтау тілектерін қалдырып жатыр. 

Балнұр Рахматуллақызы
Сейсенбі, 07 Шілде, 2026 19:00