Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құқықтық кедергі жоқ – Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы түсіндірді

шенеунік
Фото: depositphotos.com

Конституциялық сот жаңа Конституциядан кейін тиісті лауазымдағы тұлғалардың сол қызметке қайта тағайындалуы қаншалықты заңды екенін қарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

2026 жылғы 7 шілдедегі № 89-НҚ нормативтік қаулысында адамның тиісті қызметке алдыңғы сайлану не лауазымға алдыңғы тағайындалу қолданыстағы Конституцияда көзделген тәртіпте ғана байланысты делінген.

“Конституцияның 43-бабының 1-тармағында, 72-бабының 2 және 3-тармақтарында, 83-бабының 1-тармағында және 84-бабының 3-тармағында белгіленген шектеулер қолданылған жағдайда 1995 жылғы Негізгі Заң қолданыста болған кезеңде тиісті лауазымдарда болу мерзімдерін, сондай-ақ қызметке сайлау не лауазымға тағайындау фактілерін есепке алуды көздейтін ережелерді Конституция қамтымайды”, – делінген хабарламада.

Демек 1995 жылғы Конституция кезеңіндегі атқарған қызметі жаңа Конституция кезеңінде есептелмейді.  

Президенттің өтінішін қарап, Конституциялық сот ресми түсіндірме берді. Конституциялық нормаларда аталған лауазымдарды 1995 жылғы Конституцияға сәйкес атқарып жүрген адамдар тиісті қызметке сайлануы не лауазымға тағайындалуы мүмкін.

Еске салсақ, Жаңа Конституция бойынша Тоқаев тағы да президент сайлауына түсе алатыны жазылды. 

Қырмызы Скендір
Сейсенбі, 07 Шілде, 2026 14:40