Қытай көліктері Еуропада жапон брендтерін басып озды
Еуропада алғаш рет қытай көлік өндірушілері жапон брендтерін басып озып, сатылым бойынша алдыңғы қатарға шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қытайлық автокөлік өндірушілер мамыр айында Еуропалық одақ нарығындағы сатылым көлемі бойынша жапониялық бәсекелестерін алғаш рет басып озды.
Nikkei басылымының жергілікті статистикаға сүйенген мәліметінше, Қытайда шығарылған көліктердің ЕО нарығындағы үлесі 12%-ға жетсе, жапон автокөліктерінің үлесі 11% болды.
Үшінші орында 8% көрсеткішпен Оңтүстік Корея автокөліктері тұр. Нарықтың қалған бөлігі Еуропалық одақ елдерінің автокөлік өндірушілеріне тиесілі.
Қытайлық брендтер арасында BYD көш бастап тұр. Компания қаңтар-маусым аралығында Қытайдан тыс нарықтардағы сатылымын өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70%-ға арттырды.
Қытай көліктері нарықты қалай жаулап алды және оларды сатып алу тиімді ме
Қазақстанда қытайлық автомобиль брендтері арасында Changan, Chery, Haval, Jetour және Geely модельдері кеңінен таралған
Қазақстаннан арзан бензин тасып, Қырғызстанда қымбатқа сатады: Шекарада кептеліс мәселесі неге шешілмей тұр
Жанармай тасымалдаушылардың бірі осындай іспен күн көріп отырғанын айтады
