Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әзілкеш Нұрлан Сабыровқа Ресейде жаңа бизнес тіркеуге тыйым салынды

Нұрлан Сабуров
Фото: Әлеуметтік желіден

Қазақстандық танымал комик Нұрлан Сабыровқа Ресейде жаңа компания тіркеуге шектеу қойылды. Тыйым 2029 жылғы наурызға дейін күшінде болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ресейлік БАҚ Федералдық салық қызметінің мәліметтеріне сілтеме жасап, ақпарат таратты.

Шектеуге әзілкешке тиесілі "Сабр Продакшн" компаниясының тіркеу деректеріндегі мәселелер себеп болған. Ресей заңнамасына сәйкес, бұрын басқарған компаниясының деректері Заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізілімінде жалған деп танылған кәсіпкерлерге жаңа заңды тұлға тіркеуге рұқсат берілмейді.

"Сабр Продакшн" компаниясына қатысты тексеру барысында оның заңды мекенжайы туралы мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтіні анықталған. Соның салдарынан Нұрлан Сабыровқа 2029 жылғы 25 наурызға дейін жаңа заңды тұлғалар тіркеуге автоматты түрде шектеу қойылған.

Мәліметке сәйкес, Сабыров "Сабр Продакшн" компаниясын 2025 жылғы сәуірде кинофильмдер, бейнематериалдар мен телебағдарламалар өндіру және тарату мақсатында құрған. 2025 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорынның таза пайдасы 14,3 миллион рубльді (қазіргі бағаммен 78 миллион теңгеден астам) құраған. Алайда 2026 жылғы қазанда компанияны тарату рәсімі басталған.

Еске салайық, 30 қаңтарда қазақстандық танымал комик Нұрлан Сабыровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны белгілі болды. Кейінірек оның Ресей азаматтығын алудан бас тартқаны белгілі болды. 

Ал Қазақстанның ішкі істер министрлігі әзілкешке қатысты қылмыстық іс қозғалмағанын мәлімдеді. 

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 09 Қараша, 2026 22:58