Оралда халықаралық іздеуде жүріп, полициядан қашқан күдікті шкафқа тығылған жерінен ұсталды

Оралда қайырымдылық қаржысын жымқырды деп айыпталып, халықаралық іздеуде жүрген күдікті шкафқа тығылған жерінен ұсталды.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті қайырымдылық қаражатының 88 миллион теңгеден астамын иемденген.
"Ол ақшаны алдау және сенімге кіріп, теріс пайдалану арқылы алған", – деді полиция.
Ұсталу кезінде ер адам полицейлерден қашып, шкафтың ішіне жасырынуға тырысқан. Алайда тәртіп сақшылары оны тауып, ұстады.
ОқыңызКүдікті Орал қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.