Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстанда Үндістандық студент курстасын ноутбукпен ұрып өлтірді

Өзбекстанда үндістандық студент курстасын ноутбукпен ұрып
Фото: Menafn

Өзбекстанда 22 жастағы үндістандық медицина студенті курстасымен жанжал кезінде басынан жарақат алып, көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті қызды ноутбукпен ұрған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алдын ала мәлімет бойынша, Үндістанның Керала штатынан келген 22 жастағы Савария есімді студент қыздың өліміне байланысты оның 23 жастағы курстасы Садхарул Анам ұсталған. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы жағдай 3 шілде күні екі студент арасындағы жанжалдан кейін болған. Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті жанжал кезінде қыздың басынан ноутбукпен ұрған.

Зардап шеккен студент ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің көрсеткен көмегіне қарамастан, ол ішкі қан кетуден қайтыс болған. Екі студент те Үндістан азаматы және Бұхара мемлекеттік медицина институтында білім алған.

Күдіктіні Өзбекстан құқық қорғау органдары ұстады. Саварияның денесі Нью-Делиге жеткізілді. Кейін оны жерлеу рәсімін өткізу үшін қыздың туған қаласы Алаппужаға апару жоспарланып отыр.

Ақпарат көздерінің мәліметінше, оқиға туралы естіген марқұмның ағасы Өзбекстанға келіп, денені елге қайтару жұмыстарын ұйымдастыруға қатысқан. Кувейтте жұмыс істейтін әкесі құжат мәселелеріне байланысты Өзбекстанға келе алмаған. Қаза болған қыз отбасындағы екі баланың бірі болған, оның артында інісі қалды.

Гүлсезім Мұхатай
Сейсенбі, 07 Шілде, 2026 21:53