Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бішкек әуежайында 181 жолаушысы бар ұшақтың шассиі сынып қайта қонды: Жарақат алғандар бар

Бішкек әуежай ұшақ сынды
Фото: 24_kg

Бішкек әуежайында Tez Jet ұшағы ұшып көтерілу кезінде шассиі сынып, қайта қонды. Борттағы 181 жолаушы бірнешеуі жеңіл жарақат алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға Бішкектің халықаралық "Манас" әуежайында болған. Tez Jet әуе компаниясының ұшағы ұшып көтерілу кезінде артқы шассиінің сол жақ қанатына қарай қисайып, ұшқыштар әуе кемесін жылдамдық жинау кезінде тоқтатқан.

Ұшақ бортында 181 жолаушы болған. Оқиға салдарынан бірнеше адам жеңіл жарақат алған Көгеру, кесіп кету секілді жарақаттар тіркелген. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Оқиға орнында авиациялық отынның төгілуіне байланысты өрт сөндіру қызметтері жұмыс істеуде. Әуежай сағат 22:00-ге дейін жабылды. Барлық рейстер уақытша тоқтатылып, 14 әуе кемесі кешіктірілді.

Әуежай басшылығы алдағы әрекеттер бойынша шешім қабылдап жатыр. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылуы мүмкін. 

Гүлсезім Мұхатай
Сейсенбі, 07 Шілде, 2026 20:40