Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Берік Асыловты Қазақстанның Бас прокуроры қызметіне қайта тағайындады

Берік Асылов Бас прокурор
Фото: Бас прокуратураның ресми сайтынан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Берік Асыловты Қазақстанның Бас прокуроры қызметіне қайта тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл ақпаратты Ақорда мәлімдеді.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Асылов Берік Ноғайұлы Қазақстан Республикасының Бас прокуроры болып тағайындалды", – делінген хабарламада.

Берік Асылов еңбек жолын Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасында тағылымдамадан өтуші қызметінен бастаған.

1992-2001 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасында аға тергеуші, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы аса маңызды істер бойынша тергеуші және аға тергеуші, Алматы авиациялық көлік прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.

  •  2001-2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасында басшылық қызметтерде жұмыс істеп, Шымкент қаласының прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары және бірінші орынбасары болған.
  • 2006 жылы Батыс өңірлік көлік прокуроры, кейін Ақтөбе облысының прокуроры болып тағайындалған.
  • 2010 жылғы 28 шілдеде Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметіне тағайындалды.
  • 2011-2017 жылдары Алматы қаласының прокуратурасын басқарды.
  • 2017-2019 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры болды.
  • 2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
  • 2022 жылғы 3 наурызда Қазақстан Республикасының Бас прокуроры болып тағайындалған.
Гүлсезім Мұхатай
Сейсенбі, 07 Шілде, 2026 21:04